Найзағай ойнап, үсік жүреді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік жүреді.

«Қазгидромет» ертең, 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің 16 өңірінде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. 

Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Астанада батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. 

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың онтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, онтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Түркістан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады.

Алматыда түнде кей уақытта найзағай ойнайды.