Индерде тұрғын үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды

Үйдің жатын бөлмесінен 10 және 7 жастағы балалардың мәйіті табылды.

Индер ауданында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды. Қайғылы оқиға 25 сәуірде сағат 05:37 минутта Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекенжайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады.

Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 және 2017 жылғы балалардың өлі денелері табылды. Сондай-ақ 1995 жылғы анасы және 1994 жылғы ер адам ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды. Полиция департаменті өртті әдейі қойған күдіктіні анықтап, қамауға алғанын хабарлады.

Баян Жанұзақова