Ғасырдан да ұзақ күн

21 сәуір күні Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы өтеді.

Театр репертуарындағы әйгілі режиссер, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов сахналаған «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы 2003 жылдан бері көрермен назарына ұсынылып келеді. Бұл қойылым режиссер Ә.Мәмбетовтың елімізде осы күнге дейін сахналанып, сақталып келе жатқан - жалғыз қойылымы.

 

Композиторы – Халық артисі Ғазиза Жұбанова. Қоюшы суретшісі – Дәулет Доспаев. Хореограф – Салтанат Сұңғат.