Су тасқыны: 12 республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

Тасқын судың салдарынан халықаралық және республикалық автожолдарды су басуда.

Тасқын судың салдарынан халықаралық және республикалық автожолдарды су басуда. Су басқан жолдар туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтып берді, – деп  хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

«2024 жылғы 18 сәуірдегі сағат 14.00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыстағы (Ақмола, Қостанай, СҚО) 8 жол жүру учаскесін 6 725 метр су басты. Сонымен қатар 5 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолында (ұзындығы 720 шақырым) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», – деді Сәкен Ділдахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта республикалық жолдарда 1 945 адам және 794 бірлік техника су тасқынының алдын алу жұмыстарын атқаруда.