Қара бетперде таққан жігіт ата-анасымен тілдесуге зар болған кішкентай қызға көмектесті

Бұл жолы 11 жастағы Аяулым есімді қызға көмекке келді.

Қара бетперде тағып, қайырымдылықпен айналысып жүрген жігіт тағы бір отбасына қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол бұл жолы 11 жастағы Аяулым есімді қызға көмекке келді. Қыздың айтуынша, ата-анасының мүмкіндігі шектеулі, сөйлемейді екен.

«Ата-анам кішкентай кезінен бері сөйлемейді, мүгедек. Осы үйді жалға алып тұрамыз. Моншаға барып жуынамыз. Өйткені бізде жуынатын жер жоқ», -  дейді Аяулым.

Ол бар арманы ата-анасымен сөйлесу екенін айтты. «Одан басқа ештеңе керек емес» дейді.

Бетперделі жігіт оны жұбатып, «Ата-анаң емге барады және сіздер үйлі боласыздар», - деп қуанышты жаңалық айтты.