Соңғы кезде ол ақыл-есі кенже дамыған балаларға ағылшын тілін үйретуді қолға алуды бастаған. Алексей Ким өз болашағын ІТ саласымен байланыстырады. Жаңа технологияларды меңгеріп, ғылыми жаңалық ашуды мақсат еткен. Болашағынан зор үміт күттіретін жеткіншек әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алып отыр. Тізімде Канада, Америка Құрама Штаттары және Еуропа университеттері бар.
– 11-сыныпқа көшкен кезде Американың Нью-Йорк қаласына оқуға түсуді армандай бастадым. Ол қалада тұру көптеген адамның арманы емес пе, олардың қатарында мен де бармын. Құжаттарымды ол жаққа да жіберіп қойдым. Маған грантқа түсуіме мүмкіндік беріліп отыр. Қуанышымда шек жоқ, – дейді дарынды оқушы.
Алексей дүниежүзінен шақырту алуын сабақты озат оқуы әрі еріктілер жұмысында белсенділік танытуымен байланыстырады. Ұстаздары болса дарынды оқушының шет тіліне қызығушылық танытуы ерте жастан басталғанын айтады.
– Алексей – алғыр оқушының бірі. Өз ісіне өте жауапкершілікпен қарайды. Мектепішілік шараларға белсенді қатысатынын көріп жүрмін. Қалалық, республикалық білім байқауында бірнеше рет топ жарды. Оқуда озат оқушым – ағылшын тілінен олимпиада жеңімпазы, – деді ұстазы Елена Павленко.
Алексей Америкада оқуды аяқтаған соң елге оралуды жоспарлап отыр. Өзі бала кезінен ұнатқан ІТ салада жаңалық ашуды мақсат етеді.
Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ