2024 жылғы 17 қаңтарда Samsung компаниясының Galaxy Unpacked тұсаукесері өтті. Әлемдегі ең ірі смартфон өндірушілерінің бірі өнімдерінің таңғаларлық мүмкіндіктерімен таныстырды.
Жаңа Samsung Galaxy S24 сериясы. Мобильді жасанды интеллектің жаңа дәуірі
Фото 91mobiles.com сайтынан алынды
1,425
оқылды

Samsung Newsroom сайтында Samsung компаниясының Galaxy Unpacked-тің маңызды сәттері туралы мақала жарияланды. Жаңа Samsung Galaxy S24 смартфондарының ерекше сипаттарымен Aikyn.kz компанияның ресми сайтына сілтеме жасап таныстырады.

Фото Samsung Newsroom сайтынан алынды

Samsung өзінің жыл сайынғы Galaxy Unpacked іс-шарасын 2024 жылғы 17 қаңтарда Сан-Хоседе, Калифорнияда өткізді. Бұл көптен күткен шарада Samsung Galaxy S24, Samsung Galaxy S24+, Samsung Galaxy S24 Ultra смартфондары таныстырылды. Бұл компанияның Galaxy AI жасанды интеллекті (ЖИ) орнатылған алғашқы смартфондары.

Фото Samsung Newsroom сайтынан алынды

Galaxy AI компоненттері пайдаланушылар өмірінің әртүрлі аспектілерін жақсартуға бағытталған, әсіресе байланыс саласында. Жаңа синхронды аударма (Live Translate) функциясы ЖИ көмегімен Galaxy S24 сериялы смартфондары арасындағы телефон қоңырауларының нақты режимінде екі жақты дауыстық және мәтіндік аудармасын қамтамасыз етеді. 

Фото Samsung Newsroom сайтынан алынды

Translator (аудармашы) қосымшасы диалогты бөлінген экранда мәтін түрінде көрсете отырып, екі адам арасындағы тікелей сөйлесуді лезде аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша Интернетке қосылмай жұмыс істейді. 

Фото Samsung Newsroom сайтынан алынды

Samsung Notes қолданбасындағы «Жазба көмекшісі» (Note Assist) функциясы мәтіндермен жұмыс істеуді одан да ыңғайлы және функционалды етеді. ЖИ мәтіндегі негізгі ойларды бөліп көрсетеді, оның құрылымын және орфографиялық қателерін түзетеді. Қысқаша түйіндемені құрастыру функциясы да бар: смартфон мәтіннен барлық маңызды түйінді ойларды тізім түрінде жинап береді. Transcript Assist кез келген дауыс жазбалардың транскрипциясын, қорытындысын және аудармасын жасау үшін ЖИ-ді қолданады. 

Фото Samsung Newsroom сайтынан алынды

Samsung Galaxy S24 смартфондарында Google-дің көмегімен жасалған «Іздеу шеңбері» (Circle to Search) мүмкіндігі бар. «Негізгі» түймесін ұзақ басып, пайдаланушылар Galaxy S24 экранында кез келген нәрсені айналдырып, белгілесе, соның негізінде Google интернет іздеу нәтижелерін береді. 

Фото Samsung Newsroom сайтынан алынды

Galaxy S24 сериясында жаңа ProVisual алгоритмі бар. Ол суретке түсіру мүмкіндіктерін жақсартатын және «суретке түсіру сәттен бастап әлеуметтік желіге жариялауға дейінгі шығармашылық еркіндік» беретін кешенді ЖИ-мен жұмыс істейтін құралдар жинағы. Samsung жаңа өнімдерде қолданылатын жаңа алгоритмдер жоғары сападағы анық суреттерді алуға мүмкіндік беретінін атап өтеді.

Фото Samsung Newsroom сайтынан алынды

Жаңа Samsung Galaxy S24 смартфондарының барлық мүмкіндіктерін мына видеодан көруге болады: