Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды

Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды
Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азиаданың қола медалін жеңіп алды», - делінген хабарламада.

Медаль үшін шайқаста Шархан Оңтүстік Кореядан келген қарсыласы Джонхун Вонмен кездесті.

«Қазақстандық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетті. Бұл – Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль», - делінген хабарламада.

Отандық татами шеберлерінің активінде бір күміс және төрт қола жүлде бар.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.