Тоқаев қыш құмыра шығаратын ауылға барды

Тоқаев қыш құмыра шығаратын ауылға барды
Қазақстан мен Вьетнам президенттері керамика бұйымдарын шығаратын деревняға барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг Хайзыонг провинциясында орналасқан керамика бұйымдарын шығаратын Чу Дао деревнясына бірге барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

 

AMP

Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты. 

 

AMP

Содан кейін президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасап көрді.

 

Қазақстан мен Вьетнам президенттері деревняны аралап көргеннен кейін дайын өнімдерге және құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.