Тоқаев халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиын мен концерт өтпейтінін айтты

Тоқаев халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиын мен концерт өтпейтінін айтты
Тоқаев халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиын мен концерт өтпейтінін айтты

Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында хабарлады. «Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», - деп жазды Тоқаев.