Астана күні қазақстандықтар қанша күн демалады?

Астана күні қазақстандықтар қанша күн демалады?
Биыл Астана күні бейсенбіге сәйкес келеді.

Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі «2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» қаулысы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Құжатқа сәйкес, биыл демалыс күні 1 шілдедегі сенбіден 7 шілдеге ауыстырылды.

Zakon.kz-тің дерегінше, 2023 жылы Астана күні аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. 1 шілде жұмыс істейді. 

Алты күн жұмыс істейтін азаматтар 6, 7 және 9 шілде күндері ғана демалады.

Фото: mirtesen.ru