Алматыда «Қазақфильм» аумағында өрт болды

Алматыда «Қазақфильм» аумағында өрт болды
Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратында өрт болды.

«28 мамыр күні сағат 12.22-де Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайындағы «Қазақфильм» АҚ-да декорациялар дайындайтын ағаш цехінде жұмыс үстелдері, құрал-саймандар мен терезе жақтаулары жанып кетті. От шарпыған аумақ – шамамен 10 шаршы метр. Жалынның таралуы 12.40-та оқшауландырылып, 12.42-де толығымен ауыздықталды.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ТЖД ақпаратында.