Бүгін бірнеше өңірде қар жауып, үсік жүреді

Бүгін бірнеше өңірде қар жауып, үсік жүреді
Жаңбыр мен қар жауады.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 19 сәуірде ауа райына атмосфералық фронт әсер етеді. Еліміздің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығысы мен орталығында ауа райы құбылмалы болады. 

Жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Тек қана батыста және оңтүстікте жауын-шашын болмайды. 

Республиканың барлық аумағында жел тұрып, тұман болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта – көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Түнде Жетісу облысында 2-7 градусқа дейін, Алматы, Жамбыл облыстарында 1-6 градусқа дейін, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градусқа дейін үсік жүреді.