“AMANAT” партиясының Абай облыстық филиалы штабында облыстық мәслихат депутаты, халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спортты дамыту саласындағы тұрақты комиссия төрағасы Риза Молдашева, облыстық мәслихат депутаты Қуаныш Қасен Қарағайлы шағын ауданы тұрғындарымен кездесті. Құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу барысында халықтың наразылығын тудырған бірқатар мәселелер айтылды. Олар бірнеше әлеуметтік салаларды қамтыды. Атап айтқанда, оқушыларды мектепке жеткізетін автобустармен қамтамасыз ету, аудандағы ауруханада мамандандырылған дәрігерлер жоқтығы, тұрғын үй жанын абаттандыруы мен балаларға арналған ойын алаңдарының, аудан аймағында әлеуметтік дүкендердің жоқтығы туралы сөз қозғалды. Облыстық, қалалық бөлім басшылары бұл мәселелерге жауап беріп, мәслихат депутаттары қарастыратынын жеткізді.