Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адамнан коронавирус жұқтырған

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адамнан коронавирус жұқтырған
Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адамнан коронавирус жұқтырған

«РИА Новостидің» мәліметінше, Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 1595-ке жетті. Бір тәулікте елде 334 адамның вирус жұқтырғаны анықталды, – деп жазады Tengrinews.kz. Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың 307-сі Тэгу қаласынан анықталған, қалғандары елдің түрлі аймағында. Бүгінде елде 12 адам қайтыс болған, 24-і емделген. Тағы 21097 адамның сараптамасы қазір тексеріліп жатыр. Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандардың 80 пайызы, яғни 1338 адам Тэгу қаласы мен оған көршілес Кёнсан-Пукто провинциясында тұрады. Сеулде 55 адам вирус жұқтырған. Вирустың таралуына байланысты Тэгу мен Кёнсан-Пукто эпидемиялық бақылауға алынған. Оңтүстіккореялық әуекомпаниялар Тэгуге қатынайтын әуе рейстерін уақытша тоқтатты.