Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облысында желдің екпіні күшейіп, көктайғақ болады

Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облысында желдің екпіні күшейіп, көктайғақ болады
Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облысында желдің екпіні күшейіп, көктайғақ болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік және орталықтың кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз оңтүстікте найзағай жарқылдайды. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Павлодар, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал. Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.