Қытайда коронавирустан 2663 адам қайтыс болды

Қытайда коронавирустан 2663 адам қайтыс болды
Қытайда коронавирустан 2663 адам қайтыс болды

Қытайдың мемлекеттік денсаулық комитетінің хабарлауынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 77 658 адамға жеткен, оның 2663-і қайтыс болған. 27232 адам ауруханадан шыққан, – деп жазады Tengrinews.kz.

«31 провинциядан келген мәлімет бойынша, вирус жұқтырған 77658 адам тіркелді, ауруханадан 27232 адам шығарылды. Қайтыс болғандар саны 2663-ке жетті. Қазіргі уақытта 47672 адам әлі ауырып жатыр, оның 9126-сы ауыр жағдайда» делінген ресми хабарламада. 
Қытайдың мемлекеттік денсаулық комитетінің мәліметінше, соңғы бір тәулікте елде тағы 508 адам вирус жұқтырғаны анықталған, ауруханадан 2589 адам дерттен жазылып  шыққан. 71 адам (оның 68-і Хубейде) қайтыс болған. Қазіргі уақытта тағы 2,8 мың адам ауру жұқтырды деген күдікпен тексеріліп жатыр. Науқастармен байланыста болған 87,9 адам дәрігерлердің қадағалауына алынған.