26 сәуірде AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді

26 сәуірде AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді
26 сәуірде AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді

Бүгін AMANAT партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII cъезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-тағы парақшасында жазды. Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда.