Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2021 жылы атқарған жұмысының қорытындылары, соның ішінде азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіруге көмектесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.