«Дикий Арманның» адвокаттарының айтуынша, қадағалау органының өзі тергеу құпиясын ашып отыр, – деп жазады Sputnik.kz.
Арман Жұмагелдиевтің адвокаттары Бас прокуратура өкілінің мәлімдемесіне таңғалып отыр.
Себебі, кеше Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров «ел арасында «
Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің адамдары 24 бейбіт тұрғынды ұрлап әкетіп, күштеп ұстаған», – деп айтқан болатын.
Ризабек Ожаровтың айтуынша, 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды, құрықталған 21 адам бұрын кісі өлтіру, ұрлық, тонау бойынша істі болған.
«Олардың арасында «Дикий Арман» (Арман Жұмагелдиев – ред.) мен оның қылмыстық тобының адамдары да бар. Оның адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың арасынан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап әкетіп, күштеп ұстады. Оларды алдымен бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соққан. Бір адам қаза тапты. Қарақшылар бұған дейін 12-қалалық ауруханада қатты соққыға жығылған полицейдің қызметтік қаруын алып кеткен», – деді Ризабек Ожаров.
Факті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Ал Арман Жұмагелдиевтің қорғаушыларының пікірінше, біріншіден, тергеу құпиясы ашылды. Екіншіден, Арман Жұмагелдиевтің қорғаушысы бұл мән-жайларды бірінші рет естіп отыр. Мұның мән-жайы қылмыстық қудалау органы біліктілігі қаулысымен өз қорғаушысына ұсынылмаған.
«Қорғау тарапы Бас прокуратура өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің тиісті процессуалдық рәсімдерінсіз Жұмагелдиев Арманға қатысты болмаған мән-жайларды жариялап, БАҚ пен қоғамды қасақана жаңылыстырды деп есептейді. Мұнымен тергеу біржақты және айыптау бағытында өтетінін көрсетті», – деді адвокат Талғат Есімов.