Тұрғымбаев қаза тапқан әскерилердің отбасына қанша қаржы төленетінін айтты
Нұрбек БАҚЫТ
Тұрғымбаев қаза тапқан әскерилердің отбасына қанша қаржы төленетінін айтты
Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына материалдық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
«Террористер қолынан полиция мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қаза тапты. 2911-і жарақат алды. Қаза тапқандар ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар заң бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған қызметкердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді», – деді Ерлан Тұрғымбаев.