Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған отшашуды астаналықтар 3 жерден тамашалай алады
Тәуелсіздік күні қарсаңында астанада отшашу болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлады.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 15 желтоқсанда демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік отшашу қойылады.
Отшашу кешкі сағат 21.00-де 3 жерде болады:
- Ботаникалық бақ;
- Атырау көпірінен солтүстікке қарай Есіл өзенінің сол жағалауы;
- Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы (Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы).
Бұған дейін Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік награда алғандар туралы жазған болатынбыз.