Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, түнгі сағат 02.30-дан бастап қар қалың болғандықтан әуежайдың ұшып-қону алаңын тазарту мақсатында уақытша жабық болды. Күн райының бұзылуынан ұшып шығуы тиіс 12 рейс, ұшып келуі тиіс 9 рейс кешігуде (қосалқы аэродромға жөнелтілді).
Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының ұшып-қону алаңы сағат 09.00-де қайта ашылды. Рейстерге қатысты деректі жолаушылар авиакомпаниялардың анықтама қызметтерінен анық-қанығын біле алады.
Ұшып шығуға кешіктірілген рейстер:
- KC956, Алматы
- FZ 1706, Дубай
- КС 921 Франкфурт
- КС 407 Шымкент
- DV 741 Ақтау
- КС 207 Дубай
- КС 981 Атырау
- КС 622 Алматы
- КС 7315 Қызылорда
- SU 1957 Мәскеу
- КС 123 Ташкент
- КС 977 Ақтөбе.
Ұшып келуге кешіктірілген рейстер:
- IQ 386 Қарағанды
- DV 722 Ақтөбе
- КС 984 Атырау
- КС 7328 Шымкент
- КС 314 Ақтау
- КС 138 Санкт-Петербург
- FZ 1705 Дубай
- SU 1956 Мәскеу
- КС 918 Алматы
* КС (3 цифрлары) – Air Astana, КС (4 цифрлы) – FlyArystan, IQ – Qazaq air, FZ - Fly Dubai, DV – SCAT, SU – Aeroflot.