Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?

Танымал америкалық ММА сарапшысы Дэймон Мартин, MMAFighting.com журналисі Sports.kz-ке жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласы ретінде кімді көргісі келетінін айтты. – Шавкат – керемет, ол UFC-дегі алғашқы екі жекпе-жегінде өзін өте жақсы қырынан көрсетті. Мишель Празерес сияқты мықтыны жеңу оңай емес. Менің ойымша, ол топ-15-тегілермен жекпе-жекке шығуға жақындады. Өткен демалыс күндері үлкен жеңіске жеткен Рэнди Браунмен кездесу өткізсе, ол үшін шынымен де көңілді жекпе-жек болар еді, – деді шетелдік сарапшы.