Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 51 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
8 қазандағы дерек бойынша, елімізде коронавирустан 41, пневмониядан 10 адам көз жұмған.
10 қазандағы мәліметке сәйкес, 53 581 адам
коронавирус инфекциясынан (–46 382 + және 7 199 КВИ-) емделіп жатыр:
- 9 384 пациент стационарда,
- 44 197 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 674 адамның жағдайы ауыр,
- 201 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 127 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.