«Көлік сатамын...» – астанада Nur AvtoKz басшысы ұсталды
Нұрбек БАҚЫТ
«Көлік сатамын...» – астанада Nur AvtoKz басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, көлік аламын деп алданып қалған тұрғындар полицияға Nur AvtoKz басшысының үстінен арызданған.
«Компанияның 28 жастағы директоры автокөліктерді сатамын деп азаматтармен келісімшарт жасасқаны, бірақ шарттарды орындамағаны анықталды. Күдікті сату-сатып алу келісімшартын жасап, азаматтардың көліктерін алған, бірақ ақшасын төлемеген. Кейін көлік үшінші біреуге сатылған», – деді департамент өкілі.