Жұмыс берушілер 2023 жылдан бастап өз есебінен әр қызметкерге 5% зейнетақы жарнасын аударуы тиіс – министрлік
Жұмыс берушілер өз есебінен 5% қызметкер үшін зейнетақы жарнасын аударуы тиіс.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін оңтайландыруға арналған 2030 жылға дейінгі тұжырымдамаға түзетулер дайындады.
Ең маңызды бағыты – 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарнасын енгізу. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен өз жұмысшылардың пайдасына қызметкердің табысынан міндетті 5% зейнетақы жарнасын аударады.
«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы №841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.