«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында қалалық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшелері Болат Садықов, Мұхтар Зүлеев және Ләззат Ибрагимова қала тұрғындарын онлайн режимде қабылдады.
Қабылдау барысында медициналық көмек алуға, жұмысқа орналастыруға, үйге кезекке тұру және мемлекеттік бағдарламалар бойынша үй алу мәселесіне қатысты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ материалдық көмек көрсету, денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстар мен шағымдар айтылып, өзге де әлеуметтік мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, азаматша Г.Кайпованың тіс дәрігерінің қарауына және Н.Абдишеваның ұлын неврологтың қабылдауына жазуға қатысты сұрағы оң шешімін тауып, аталған сұрақтар бойынша дәрігерлердің көмегі көрсетілді. Қабылдау барысында барлық сұрақ бойынша заңнама аясында түсініктеме беріліп, өтініштер депутаттардың жеке бақылауына алынды.Әбілмансұр ЖАСАН