|   Негiзгi бет   |   Бiз туралы   |   Әрiптестер   |   Байланыс   |
Негiзгi бет
Ақ сөйле!
Дәулет
Әлеумет
Спорт
Аймақ
Көкейдегі сауал
Жатыпатар
Жүректің көзі

Саясат
Руханият
Саз әлемi
Didar TV
Денсаулық

Сауд Арабиясынан басталған көш Маңғыстауға жетті Печать

03.09.10.
Сауд Арабия корольдігінен Маңғыстау облысына ұшып келіп қонған ұшақтан тарихи Отанына құрамында 58 адамы бар жеті отбасы табан тіреді.

Осыдан көптеген жылдар бұрын адам айтса нанғысыз ауыр тағдырдың тәлкегімен жер ауып, бас сауғалап өз Отанынан жыраққа кетіп, енді араға көп жылдар салып, ата-бабасының кіндік қаны тамған Отанымен қайта қауышқан қандастарды маңғыстаулықтар сән-салтанатпен қарсы алды.

Кім білмейді Үкілі Ыбырайды?! Печать

03.09.10.

Ұлттық академиялық кітапханада әйгілі халық композиторы Үкілі Ыбырайдың 150 жылдық мерейтойына арналып, «Қайран, Гәкку» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Сал ауруынан сақтанбасақ болмайды! Печать

03.09.10.

6-10 қыркүйекте республикамызда полиомиелитке қарсы егу шарасы жүргізіледі

Шылым шегуге қарсы күреске аналар шықты Печать

03.09.10.

Аналар балалардың темекіге ерте әуестенуіне қарсы. Қарсы болуы заңды да. Дегенмен енді олар «Қарлығаш-аналар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің темекі шегуіне қарсы» жобасының аясында қарсы болып қана қоймай, онымен күресу жолдарын үйрене алады.

Шведова мен Голубевке үміт артамыз Печать

03.09.10.

АҚШ-тың ашық біріншілігіне аттанған бес теннисшіміз де жекелей сында сәтсіз өнер көрсетіп, жарыстан шығып қалды. Сесиль Каратанчева біліктілік кезеңінен аса алмаса, қалған төрт отандасымыз алғашқы кездесулерінде-ақ сүрінді. Енді микст (ерлер мен әйелдер жұбы) бойынша сынға түсіп жатқан Ярослава Шведова мен өзбекстандық шебер Денис Истоминмен жұп құрған Андрей Голубевтің тілеуін тілейтін боламыз.

Жыландының жігіттері жарады Печать

03.09.10.

Алматы облысы, Алакөл ауданының Жыланды ауылында туып-өскен Бауыржан мен Ержан Оспановтардың есімі көпшілікке жақсы таныс. Бұл күндері "ZHERSU" деп аталатын ірі инвестициялық-өндірістік корпорацияны басқарып отырған бизнесмендер үнемі түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрады. Олар тек Астана мен Алматы немесе Талдықорғанда ғана емес, өз ауданы, кіндік қандары тамған ауылына жиі ат басын бұрып, көптеген игі істер атқаруды әлдеқашан әдетке айналдырған. Расында да Алакөл өңірінде Оспановтардың шапағатын көрмегендер кемде-кем шығар.

ҚАЗАҚТЫҢ САЛТЫ Печать

03.09.10.
«ТІЛАШАР» ҚАЗАҚТА БҰРЫННАН БАР
Естеріңізде болса, біз тек қана балаға қатысты тойлардың мән-маңызы мен сол қуанышты күннің өткізілуі жөнінде бұрынғы мен бүгінгінің ұштасып, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың қайта жаңғырып жатқаны жөнінде айтып келеміз. "Той десе, қу бас домалайды" дейтін біздің халықтың өзгелерге ұқсамайтын ерекшелігі - титімдей қуанышын жұртқа айтып, көпшілікпен бірге тойлап, қызығын жария етіп, жар салатындығында. Кез келген қуанышын ағайын-туғанмен бөлісетін қазақтың тағы бір тойы - "Тілашар" туралы тұрақты кейіпкеріміз Зейнеп апай не дейді екен, сонымен...

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Печать

02.09.10.
Қазақстанның өте сауатты, денсаулығы мықты әрі мәдениетті азаматтарын дүниежүзі сыйлайтын болса екен деп армандаймын!
Кеше, Білім күні мерекесінде Елбасы елордалық 11-сынып оқушыларымен кездесті.

Дерек пен дәйек Печать

02.09.10.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: АЛДАҒЫ МЕРЕЙТОЙ - ТӨЛ ОТАНЫМЫЗДЫҢ ТАҒДЫРЫН ҚҰРМЕТ ТҰТАТЫНДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ҚЫМБАТ
Ел ертеңі - жас ұрпақпен бірге, халық қа­лаулылары да партаға отырды. Олар үшін кезекті сессияның шымылдығын Ұлт көш­басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашып берді.

Басты мақсат – қырғыз мемлекеттілігін сақтап қалу Печать

02.09.10.
Қазақ сарапшылары неге алаңдайды?

«Қырғыз мемлекеттілігіне әлі де қауіп төніп тұр!» - деп, қазақ сарапшылары өз алаңдаушылығын білдіреді. Бірақ қазірше ресейлік саясаттанушылардың үні басым. Бұл да болса, ақпараттық экспансияның өзіндік «жемісі» емес пе?! Күні кеше ғана «Қырғызстанды бөліп-жарып, көршілес елдерге үлестіру керек» деп бастама көтерген В.Жириновскийдің мәлімдемесіне бүгін саясаттанушы А.Князевтің «Қырғыз ССР-і территориялық тұрғыдан ойлап табылған құбылыс еді» деген сөзі қосылды. Орталық Азия мәселелері бойынша үлкен сарапшы саналатын Князев бұл мәлімдемесін «Ферғана.ру» порталына берген сұхбатында айтқан. Қырғызстан үшін осыншама қиын-қыстау заманда Ресей сарапшыларының тарапынан ел тұтастығы мен болашағына шәк келтіретін мәлімдемелердің жасалуы қаншалықты орынды? Және бұл мәлімдемелерге пара-пар келетін сөздер неге бауырлас қазақ, өзбек сарапшылары тарапынан айтылмайды?

Азаматтық қоғам құру үшін азаматтық мәдениет керек Печать

02.09.10.
Барыс бейнелі болашақ пен кемеліне келген келешектің қаласы атануға асыққан Астана қаймана қазақтың рухани, мәдени, әдеби ордасы бола ала ма? Елордалықтардың арзу армандары мен тәтті тілектері қиял қалпында қалмас үшін әлденелерді құрбандыққа шалып, жанкештілік жасаған жөн бе? Қайтсек астаналықтарды «жабайылықтан» арылтып, «ақсүйектік» деңгейге жеткіземіз. Бас шаһарда шын мәніндегі қазақ руханиятының иісі аңқып, ұлттық құндылықтар қастерленетін күн қашан туады? Санаға салмақ салатын осы тектес сауалдарға биылғы жылдың мамыр айында құрылған «Шығармашылық билет» қоғамдық бірлестігі құрамындағы өнер өкілдері мен мәдениет қайраткерлері бас қатырды.

«Майбах» мінген маңғаздар Печать

02.09.10.
Әлемдегі ең қымбат көліктен Қазақстан да кенде емес
2010 жылғы ең қымбат көліктердің тізімін бастаған бұл көлік қолмен құрастырылады, сондықтан бағасы өте қымбат және тек қана тапсырыс арқылы жасалады. Оның бақытты иелерін - араб шейхтары, мұнай магнаттары мен әлемдік шоу-бизнестің жұлдыздары бастайды. Бұдан жеті жыл бұрын бұл көліктерді еліміздің көшелерінен көруді елестетудің өзі мүмкін емес-ті. Қазір мұндай көліктердің саны оннан асып жығылады.

Жүректің көзі – 02.09.10. Печать


Қасымхан БҰҒЫБАЙ, Қалибек Қуанышбаев
атындағы қазақ драма театрының актері: ӨНЕРГЕ КЕЛУІМЕ ДОСХАН АҒАМ СЕБЕПКЕР БОЛДЫ

Бесжылдық белес Печать

02.09.10.

Кеше еліміздің барлық білім ошақтарында Білім күні аталып, салтанатты жиындар өтті. Мұндай ізгі дәстүрден құрылғанына 5 жыл болған ең жас жоғары оқу орны - Шет тілдер және іскерлік карьера университеті де шет қалмады. Басшылық университет табалдырығын алғаш аттаған бірінші курс студенттері мен олардың ата-аналарына университетті таныстырып, білім теңізіне ден қойған болашақ мамандарға сәт-сапар тіледі.

Астананың әдемі келіншегі анықталды Печать

02.09.10.

Елордалық қыз-келіншектердің арасында өткен биылғы «Астана ханымы» байқауы мәресіне жетіп, бас жүлдені тележүргізуші, екі баланың анасы Гүлнәз Әлімгерей жеңіп алды. Ол «Қазақстан телеарнасы» арқылы жұртшылыққа жақсы таныс. Әдемілігін былай қойғанда әдептілігімен, жағымды үнімен жұрт жүрегін жаулап алған тележүргізуші келіншек әлі де талай биікті бағындырып, «қазақтың келіні» деген атақты абыроймен алып жүреріне дау жоқ. 25 пен 39 жас аралығындағы 15 келіншек қатысқан сайыста бас жүлдені иеленген Гүлназ Әлімгереймен сұхбаттасуға біз де асықтық.

<< [Басы] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңы] >>

Нәтиже 91 - 105 из 3206


Тіркелу!
Паролді қалпына келтіру!
Информационный сервер xFRK

 Авг   Ð¡ÐµÐ½ÑÑбÑÑ 2010   Окт

ÐÐÐÐÐÐÐ
   1  2  3  4
  5  6  7  8  91011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
SVTechie Resources
Бизнес-инфо: Виртуальная интернет - выставка красоты новые возможности для всех. . Кино онлайн бесплатно: сумерки 3 онлайн смотреть бесплатно скачать бесплатно. . медицинская справка для ГАИ . получить хлебный сертификат в Москве