|
Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев: |
|
01.09.10. Жайыққа жәрдем керек! Ақ Жайықтың жағасында, Кәрі Каспий сағасында орналасқан Атырау өңірі еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып, өзі де қарқынды даму үстінде. Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған проблемалық мәселелер соңғы уақыттарда шешімін тауып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы айтарлықтай жақсарды.
|
|
Нұрлан Нығматулин: |
|
01.09.10. Сіздердің жеңістеріңіз - бүкіл Қазақстанның жеңісі «Нұр Отан» партиясының құрамында сіздердің 800 мыңға жуық жанкүйеріңіз бар. Біз сіздерді үнемі қолдап отырамыз. Сіздердің жеңістеріңіз - бүкіл Қазақстанның жеңісі», - деді билік партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Юрмалада өткен халықаралық көңілді тапқырлар клубының музыкалық фестивалінде күміс кивинге қол жеткізген «Астана. kz» ұлттық құрама командасының мүшелерімен кездесуінде.
|
|
Фархад ӘБДІРАЙЫМОВ, актер: |
|
01.09.10. Қазақ киносы өркендеп келеді Таяу арада көрермен қауым Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы басшылығының бақылауы мен қамқорлығы аясында түсірілген талантты режиссер Фархат Шариповтың «Қызғылт қоян туралы хикая» атты кинотуындысын көре алады. Айта кететін жайт, фильм жасау жұмыстары бастан аяқ киностудияның техникалық жаңарған қондырғыларымен атқарылып шықты.
|
|
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Білім және ғылым министрі: |
|
01.09.10. Мектепте хиджаб киюге түбегейлі қарсымын Өткен жұма күні Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев «bnews.kz» порталындағы «Қазақстандағы білім беру: мүмкіндіктері, келешегі, инновациялар» тақырыбындағы оnlіne-конференцияға қатысты. Ата-аналар, оқушылар мен студенттер осы жолы өздерін толғандырған сұрақтарды министрге оnlіne-режимінде қоя алды. Білім беру саласының барлық мәселесін қамтыған сол сұхбатты ықшамдап ұсынуды жөн көрдік.
|
|
Қадағалауда қапы жоқ |
|
01.09.10. Батыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау бекеттерінің саны қазір 175-ке жетті. Елбасының тікелей тапсырмасымен жасақталған мемлекеттік «100 мектеп, 100 аурухана», «Таза су», Тұрғын үй құрылысы, «Жол картасы» бағдарламаларына қаралған қыруар бюджет қаржысының қолды болмай, дұрыс, мақсатты жұмсалуы осы бекеттердің тікелей қадағалауында.
|
|
«Туған жерге тағзым» |
|
01.09.10. Ата заңымыздың 15 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында «Туған жерге тағзым» атты үлкен акция өтті. Сол шараның негізінде аталмыш облыстың бірқатар аудандарында жаңа спорт кешендері мен орта мектептер ашылды.
|
|
Мұхиттың арғы бетіндегі дүбір |
|
01.09.10. 
Әлемнің ең мықты теннисшілері тегісімен АҚШ-тың ашық біріншілігінде бақ сынауда. «Үлкен дулыға» санатындағы бұл мәртебелі жарысқа Қазақ елінің өкілдері де аттанған болатын. Өкінішке қарай, солардың екеуі қазірдің өзінде бәсеке жолынан шығып қалды. Қалған үшеуі алғашқы кездесулерін кеше түнге қарай өткізді.
|
|
Қарағанды ширек финалға шықты |
|
01.09.10. Жуырда Қазақстанның бокс федерациясы кубогы жолындағы жарыстың кезекті кездесуі өтті. Естеріңізге сала кетейік, Тимур Құлыбаев тізгінін ұстаған ұйым биыл жаңа бастама көтерген болатын. Соның негізінде әр облыс жеке-жеке команда жасақтап, шаршы алаңға шығуға тиіс. Жеңілгендері жарты жолда қалады да, жеңгендері жарысты жалғастыра береді. Сөйтіп, жыл соңында еліміздегі ең үздік команда анықталып, оған арнайы кубок табыс етіледі.
|
|
КОНСТИТУЦИЯ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ |
|
28.08.10.
 - Конституция - біздің басты құндылықтарымызды - Тәуелсіздікті, Бейбітшілік пен Тұрақтылықты ғасырларға бекітті.
|
|
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: |
|
28.08.10. Конституциялық дамудың 15 жылында Қазақстанда бірде-бір саяси дағдарыс болған жоқ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын алда келе жатқан Конституция күнімен құттықтады. «Конституция - мемлекеттік биліктің қайнар көзі - халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 15 жыл толып отыр» деген Ұлт көшбасшысы «бұл оқиғаның халқымыз үшін зор мәнге ие» екендігін баса айтты.
|
|
Ғасыр жүгін арқалаған Ата заң |
|
28.08.10.
 Осыдан тура 15 жыл бұрын 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата заңы жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын.
|
|
АҚ СӨЙЛЕ! - 28.08.10. |
|
Әлібек ТЕМІРБЕКОВ, Қазақстан Конституциялық Кеңесі Аппараты басшысы:ЕЛ КӨРКЕЮІНІҢ КҮРЕ ТАМЫРЫ
 Он бес жыл бұрын Қазақстанның қазіргі Конституциясы қабылданды. Осы уақыт аралығында еліміздің негізгі заңы республика дамуының басты тетігіне айнала алды ма? Конституцияға деген ел ішіндегі құрмет қандай? «Айқын» газеті сауалдарына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының басшысы, заң ғылымдарының докторы Әлібек Темірбеков жауап берген еді.
|
|
Тіл мәртебесі – ұлт мәртебесі |
|
28.08.10. Қазақ тілі - қазақтың жаны. Қазақ жері - қазақтың тәні. Жерге түскен сызат - тәнге түскен сызат, тілге түскен сызат - жанға түскен сызат. Түркі атаулының қара шаңырағы - қазақ жері, түркі тілінің алтын бастауы - қазақ тілі. Қызыл сөз бе? Жоқ, құжат!
|
|
Елбасы атынан ауызашар берілді |
|
28.08.10. Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ауызашар берілді. Осыған байланысты өткен шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мырза қатысты. Ауызашарға ораза ұстаған қала зиялылары: мәдениет пен өнер тарландары, қоғам қайраткерлері мен бизнес өкілдері келді.
|
|
Біз мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтауға міндеттіміз |
|
28.08.10.
 Конституция заңдарымыздың басы ғана емес. Ол - әрбір азамат қастерлеуге тиісті елдік нышандарымыздың бірі. Демократия мен жариялылықты ұран еткен бүгінгі таңда әлем кез келген мемлекетті бас заңына - Конституциясына қарап таниды. Ізгі заңы бар елдің - саясаты да ізгі.
|
|
<< [Басы] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңы] >>
|
| Нәтиже 121 - 135 из 3206 |