|   Негiзгi бет   |   Бiз туралы   |   Әрiптестер   |   Байланыс   |
Негiзгi бет
Ақ сөйле!
Дәулет
Әлеумет
Спорт
Аймақ
Көкейдегі сауал
Жатыпатар
Жүректің көзі

Саясат
Руханият
Саз әлемi
Didar TV
Денсаулық

Әдемі келіншектің әлегі немесе бір отбасы пәтерінен қалай айырылды? Печать

30.07.10.

Редакцияға Алматы қаласының тұрғыны Шолпан Нұрмұханбетова көз жасын көл етіп келді. Өйтпегенде қайтсін, үйінде өзімен екі ай ғана бірге тұрған Әсел Аманбайқызы Белғожанова (1980 жылы 13 маусымда туған. Алматы облысы, Ескелді ауданындағы Алдабергенов ауылының тұрғыны, суретте) үш бөлмелі үйін сыртынан сатып жіберіпті. Тіпті пәтер аз уақытта екі кісінің қолынан өткен.
Нотариалдық кеңсе мен Әуезов аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан кідіріссіз өткен құжаттар сот барысында да соншалықты даулы мәселеге айналмапты. Бұрындары да қылмысты болып, қазір құзырлы орындардың іздеуінде жүрген Әсел Аманбайқызының үйді заңсыз сатқаны сот барысында ескерілмегеніне, сауда-саттықтың заңсыз жасалғаны және екі апта ішінде бөгде біреулерге үйін босатып беруге шешім шығарған сотқа наразы болған Шолпан Мәділқызы кеше құжаттарын арқалап, Алматы қалалық сотының табалдырығын аттады.
Оқиға қысқаша былай болған: Кездейсоқ танысқан Әсел Белғожанова күйеуі жоқтығын, жалғыз ұлы барын, Алматыдан тұрақты баспана тауып алғанша үй іздеп жүргенін айтып, зар жылайды.
- Қайдан білейін, жас келіншектің жағдайы жаныма батты. «Таугүл» ықшамауданындағы үйде ұлымыз екеуміз ғана тұрамыз. Бос бөлмеде уақытша тегін тұра тұруға рұқсат еттім. Пәтерді күйеуім қайтыс болған соң, ұлым Мақсаттың атына аударып қойғанмын. Қызымдай көрген әлгі Әсел мені алдап соғарын білмеппін. Үйдегі құжаттардың көшірмесін жасатып, ал нағыз құжаттың өзін саудаға салып жіберіпті.
Рас, маған бір-екі кісі телефон шалып, пәтерімді сатуға ұсыныс жасады. Ђзім бұған таңғалдым. Сөйтсем, Әсел Аманбайқызы отбасымыздың атынан үйімізді бір емес, екі адамға сатып үлгеріпті. Ол үшін ұлымның атынан сенім хат жасаған, Зәуре Нұрғисаева деген қыз нотариалдық кеңсесінде жалған құжаттарды растап берген. Ђткен жылы шілдеде үйді сатқан соң да бір ай жанымызда тұрған. Оны біз білмедік. Тіпті ақылым жетпейді. Үш мың долларға жалдаған адвокаттарымның айтуынша, мен сотта жеңіп шығуға тиіс едім. Амал қанша, сот шешімімен өзім өмірі көрмеген кісілер баспанамның иесі болып шыға келді. Ондағылар Әсел Белғожанованың бұрын сотталғаны, сенім хатты қолдан жасағаны, ол Алматыдағы аймақтық ғылыми-өндірістік сот сараптама зертханасында расталғаны және тағы басқа да жағдайлар назардан тыс қалды, - дейді тал түсте далада қалған Шолпан Нұрмұханбетова.
ІІ топтағы мүгедек Шолпан Мәділқызы ұйымдасқан бір топ өздерін торға түсірді деп есептейді. Ђйткені қолдан-қолға кідіріссіз өткен құжаттардан бір кінәрат таппау тып-тыныш отырған отбасы түгілі, оқиғаға куә болған азаматтарды да ойға қалдырып отыр. Ұлы Мақсат Қазбекұлының жеке куәлігін ұрлап алып, «үлкен шаруаны» тындырған Әсел Аманбайқызын қазір Алматы қалалық Ішкі істер департаменті де таба алмай жүрген көрінеді.
- Осылайша, Андосова Күләш есімді азаматша қазір менің пәтерімнің иесі болды. Ол кісі маған үйімді сатуға қолқа салып, бірнеше рет келген. Мен бас тартқанмын. Сөйтсем, Әсел газетке «Үй сатылады» деп жарнама беріпті. Аяғында пәтерді Мәнсия Мұқанова, одан Күләш Андосова сатып алыпты. Қысқасы, пәтерім бір айда екі рет сатылған. Бірден адвокат жалдадым. Істі 10 ай бойы судья Қайырбекова қарады. Ол еңбек демалысына кеткен соң, істі Зылиха Самалдықова одан әрі жалғастырды. 10 маусымда Азаматтық іс бойынша басталған сот ақыры маған биылғы 10 шілдеде үйді босатуға шешім шығарды. Мұның бәрі заңсыз деп есептеймін.
Қазір құзырлы орындар заңсыз пәтер сатуды ұйымдастырушыларды іздеп, тауып, жазалау орнына еш кінәсіз мені ұлыммен бірге пәтерден шығарғалы отыр, - деп күрсінеді мүгедек ана.
Қалалық сотқа шағым түсіріп, үмітті сол жақтан ғана күтіп отырған Шолпан Нұрмұханбетова қол ұшын созуды сұрап, хат жазбаған жері қалмапты. Алайда жесір әйелге жанашыр болар жан баласы әзірше табылар емес. «Ең болмаса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты өз құзырындағы орындардың әділ шешім шығарғанын қалар едім» дейді Шолпан.
- Менің таңғалғаным, - дейді сөз арасында мүгедек ана, - мемлекеттік орындар жалған құжатты қалайша растайды, неге заңсыздыққа жол береді. Мәселен, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан біздің қатысуымызсыз үй құжаттары неге рәсімделеді? Ал құжаттарды растаушы нотариалдық кеңсе басшысы сотта ұлыма жала жауып, жұрттың көзінше балағаттады. Сол мекеме әлі жұмыс істеп тұр. Осының бәрін ой елегінен өткізгенде, кейде мемлекеттік орындардың өздері заңсыздыққа жол беретіндігіне көз жеткізу қиын емес.
Қорыта айтқанда, тағы бір алматылық отбасы қараптан қарап отырып баспанасыздар қатарын толықтыратын түрі бар. Қазақты қазақ дос көру орнына, бірін-бірі алдап жатқан мына заманда тағы бір шаңырақ баспанасыз қалғалы тұр.

Жандос Мырзабек


Пікір калдыру үшін тіркелуіңіз қажет!

« Пред.   След. »


Тіркелу!
Паролді қалпына келтіру!
Информационный сервер xFRK

 Авг   Ð¡ÐµÐ½ÑÑбÑÑ 2010   Окт

ÐÐÐÐÐÐÐ
   1  2  3  4
  5  6  7  8  91011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
VC Funding Behavioral Synthesis
Бизнес-инфо: