|   Негiзгi бет   |   Бiз туралы   |   Әрiптестер   |   Байланыс   |
Негiзгi бет
Ақ сөйле!
Дәулет
Әлеумет
Спорт
Аймақ
Көкейдегі сауал
Жатыпатар
Жүректің көзі

Саясат
Руханият
Саз әлемi
Didar TV
Денсаулық

Ыстықкөлдің орнын Бурабай баса ала ма? Печать

29.07.10.

Қырғыз БАҚ-тарының хабарлауынша, Қырғызстандағы биылғы туристік маусым өзін-өзі ақтамақ түгілі, туроператорларды қарызға белшеден батырып отыр. Есесіне, отандық туроператорлардың сүйіншісі зор: әдетте Ыстықкөл жағасында демалатын қазақ туристері биыл ел ішінде қалып, ішкі туризмнің дамуына мол үлес қосуда. Кейбір деректерге сенсек, Қырғызстанда жылына жүз мыңдаған қазақ азаматтары демалатын еді. Биыл отандық саяхатшылар Ыстықкөлдің орнына Бурабай, Алакөл, Ертіс, Каспий, тіпті Қапшағайды таңдап, ішкі сұранысты арттырып отырса, шет мемлекеттерінің ішінде Түркия мен Қытайдың Хайнань аралдарын сапарлап жатыр. Десе де, отандық туристік компания өкілдері өз өкініштерін де жасырмайды: ішкі туристік бағыттар Қырғызстандағы дүмпулерден кейін таңдалып отырған сияқты. Ал отандық туризм кластерінің барынша дамып, ішкі бағыттардың тұрақты түрде үлкен сұранысқа ие болуы үшін саладағы қордаланған мәселелерді, оның ішінде, ең бастысы, баға саясатын қайта қарастыру қажет.

Ішкі туризмнің түйткілдерін біз де зерттеп көрдік. Таңдалған бағыт - Астана, Бурабай. Бұл да тектен-тек емес. Маман­дар­дың айтуынша, Астананың дү­ріл­деп өткізілген тойы ішкі ту­ризммен қатар, сырттан ке­лу­шілердің де санын біршама арт­тырған. Темір жол касс­а­ла­рының қызметкерлері Ас­тана бағытында қала күнінің қар­саңынан бастап, шілденің 20-ларына дейін пойызға билет­тер­дің жоқтығын жеткізді. Ең қы­зығы, кассада жоқ билет қол­да бар боп шықты. Бірақ ба­ғасы бірнеше есе ұшқан. Тіпті кейбір билеттер ұшақ билетімен ша­малас. Өзіңіз байқап көріңіз, жас­тар тарифі бойынша Аста­на­ға 10-11 мың теңгеге ұшуға бол­са, жалпы эконом-класс би­леттерінің бағасы 18-20 мың тең­геден басталады. Қолда са­тылатын пойыз билеттері 7 мың (плацкарт) мен 9 мың (купе) теңгеден тұр. Испандық жүрдек пойыздың бағасы - 10-18 мың тең­генің шамасында. Одан да ұшақ­пен ұшқан тиімді емес пе?! Бұл орайда билетті қолдан сату әре­кеттеріне қатал шектеу­лер­дің қойылып, тиісті жазалау әре­кеттерінің қолданылмай жүр­гені қызық. Түптің түбін­де, бұл да ішкі туризмнің да­муы­на тұсау болып отырған өзекті мә­селе емес пе?!
Миллиондаған долларды бойына сіңіріп, жаңадан салын­ған Астана - Бурабай бағытын­дағы жол Алматы - Қапшағай жо­лына бұйырмаған бақыт?! Бі­рақ жақсы жолмен құстай ұшқан көлігіңіздің жүйткігеніне қуансаңыз да, Бурабайдағы инф­рақұрылымдардың әлі де аз­дығы мен қызмет көрсету са­ласының Түркия деңгейінде бол­маса да, тым құрығанда, Ыс­тықкөл деңгейіне жете ал­мағанына өкінесіз. Ең алдымен, қонақүйлер, мейрамханалар іш­кі туризмнің шарттарына сәй­кес, тек орыс тілінде емес, қа­зақ тілінде де қызмет көрсете алуы тиіс. Бірақ мемлекеттік тіл­ді керек етіп жатқан олар жоқ. Ресей туристері мәз. Ал оң­түстіктен, батыстан келген қа­зекем өз ана тілінде ақпарат ала алмай қиналады. Екіншіден, қызмет көрсету саласы «ләппай, тақ­сырдан» аспауы керек. Біз­дегі қызмет көрсетушілер ше­тел­дік әріптестері сияқты ту­рис­терді жымиып қарсы алып, оның бұл елге, қонақүйге қай­тып келуі үшін бар жағдайды жасаудың орнына, келесіде оған аяқ баспайтындай қызмет ете­тін сияқты. Бірақ мұндай «қыз­меттің» бағасы шетелден қым­бат. Мәселен, Түркияда жал­пылама туризмнің орташа бағасы 1000 долларға шамалас. Оған чартер, қонақүй, тамақ, т.б. кіреді. Ал Бурабайдағы кей­бір қонақүйлердің бір күндік ба­ғасы 12-17 мың теңгенің ара­сында екен. Бұл бағаға таңғы ас қана кіреді. Түркияда 8-10 күн бойы небары 1000 долларға де­малып қайтуға болса, Бура­бай­дағы бір түніңіз үшін 100 дол­ларға шамалас қаржыны «ысы­рап» етесіз. Әлемдік бағам бойын­ша да, қызмет көрсету саласының деңгейі бойынша да бұл нағыз «ысырапшылдық» болып шықпақ. Бурабайда кө­ретін қызықтар - Жұмбақтас, Оқ­жет­пес, Абылай хан алаңы, т.б. Та­ғы бір айта кетерлігі, ту­рис­тік мау­сымға сай таксистер де ба­ғаны шарықтатып жібереді екен. Олардың өздері де жазғы ай­ларда барынша жұмыс істеп, та­быс табуға тырысамыз дейді.
Әрине, туризм туриске де­ген сыйластықтан басталады. Бұл арада Қазақстан туристік ас­социациясының өкілдері іш­кі туризмнің дамуына кедергі болып тұрған жайттардың тек қыз­мет көрсету саласының на­шар­лығымен шектелмейтінін өкі­ніш­пен жеткізеді.

Шакира ӘДІЛБЕКОВА, Қа­зақ­стан туристік ассоциа­циясының менеджері:
- Өкінішке қарай, Қа­зақ­стан­дағы ішкі туризмнің да­муы­на тұсау болып тұрған ке­дер­гілердің бастысы - баға қым­баттығы. Қазақ­станға келе­тін туристердің көбі бізге ша­ғымдарын ай­тып, «елдеріңізге тым көп ақ­ша тастаймыз» дейді. Біріншіден, ұшақ билеттері өте қымбат, екіншіден, виза мә­селесі бар. Үшіншіден, қо-на­қ­үй­лердің бағасы шарықтап тұр. Ең қызығы, әлемдегі таны­мал брендті қонақүйлерді алар бол­сақ, шетелдерде олардың ба­ғасы арзан, ал бізде қымбат. Бұл - жергілікті қо­нақүйлердің жүр­гізіп отырған ішкі мар­ке­тинг­тік саясаты.
Расын айту керек, қазіргі таң­да Қырғызстанға Қазақ­стан­нан баратын туристердің са­ны күрт азайып кетті. Мы­са­лы, былтырғы жылдары қырғыз елі­не демалыс күндері орташа есеп­пен 5-6 автобус баратын болса, биыл 1-2 автобус толмай кетіп жатады. Қырғыз тарапы өткенде журналистер мен туристер үшін арнайы тур ұйымдастырды. Олар елдегі жағдайдың бір қалыпқа түскенін көріп келді. Бұдан кейін отан­дық туристік компанияларға аз да болса қоңыраулар шалынып, азды-көпті туристер Қырғыз­станға демалуға барып жатыр деген хабар түсіп отыр.
Ішкі туризмді алсақ, ше­т­ел­дік азаматтардың көбі эко­ту­ризмге қызығады. 2007 жыл­дан бастап Қазақстанда эко­ту­ризм жақсы дамып келе жатыр. Мәселен, 2005 жылы Қазақстан саяхатшылар қауымдастығы донорлық ком­паниялармен ақпараттық-ресурстық орталық ашты. Бұл орта­лық экотуризм саласында жұмыс істейді. 2002-2010 жылдар аралығында 88 қонақ күтетін арнайы үй ашыл­ды. Шетелдік туристер әдетте осындай үйлерге барып қонады. Неге десеңіз, біріншіден, қонақ күтетін арнайы үйлер Ұлттық бақ­тардың шеңберінде ашыл­ған, екіншіден, қонақүйлердiң бағасы әлдеқайда арзан. Бағасы тамағымен, төсек-орнымен қо­са күніне 3500-4000 теңгені құ­райды. Биыл мұндай үйлерге сұраныс өте жоғары. Себебі жо­ғарыда айтқанымдай, биыл Қа­зақстан азаматтарының өз­дері де ел ішінде демалып жа­тыр.
Жалпы, Қазақстан турис­терінің басым бөлігі жылда Түркияға көп барады. Екінші кезектегі елдер - Болгария, Қытай (Хайнань аралы). Биыл Хор­ватия мен Черногория ви­за­сыз режимге кірді, чартер ашыл­ды. Сондықтан қазақ турис­тері үшін ендігі жаңа ба­ғыт Хорватия болып отыр. Бұл елге алғашқы чартер маусым айы­ның соңында ұшты. Ол кез­де мұның бағасы 850 доллардан жоғары болған. Қазіргі уақытта мұның бағасы 1200 евроға дейін көтеріліп кетті. Мұның бәрі All
Inclusive жүйесі бойынша жұ­мыс істейді, яғни бәрі қамтыл­ған.

Кәмшат ТАСБОЛАТ


Пікір калдыру үшін тіркелуіңіз қажет!

« Пред.   След. »


Тіркелу!
Паролді қалпына келтіру!
Информационный сервер xFRK

 Авг   Ð¡ÐµÐ½ÑÑбÑÑ 2010   Окт

ÐÐÐÐÐÐÐ
   1  2  3  4
  5  6  7  8  91011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
ASIC Behavioral Synthesis
Бизнес-инфо: