|   Негiзгi бет   |   Бiз туралы   |   Әрiптестер   |   Байланыс   |
Негiзгi бет
Ақ сөйле!
Дәулет
Әлеумет
Спорт
Аймақ
Көкейдегі сауал
Жатыпатар
Жүректің көзі

Саясат
Руханият
Саз әлемi
Didar TV
Денсаулық


«Қызылағаш» су қоймасы қалпына келтіріледі Печать

08.05.12.
Алматы облысы аумағындағы су қоймалары мен тораптарының жағдайымен танысу үшін Жетісу жеріне арнайы ат басын бұрған Ауыл шаруашылығы министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Ислам Әбішев бастаған, облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков қостаған ресми топ басты назарды осы «Қызылағаш» су қоймасының бүгіні мен болашағына қатысты мәселеге аударды. Ең бастысы, су қоймасының мемлекет қарамағына өткенін ерекше атап өтіп, алдағы кезде облыстағы егістік алқабы аса ауқымды аудандағы ең ірі бөгеттің ел игілігіне қызмет етуін қамтамасыз етуге қатысты әңгіме қозғады.
Осыдан екі жыл бұрын жиналған жойқын судың салмағы мен ағысына шыдас бермей, бөгеті тас-талқан болып, ағытылып кеткен, үлкен ауылды қасіретке душар еткен су қоймасы алғашқы тұрғызылған кезде негізінен, 7 мың гектар жерді сумен қамтамасыз етуге арналып, ұзындығы 480 метр, тереңдігі 42 метр және жалпы сыйымдылығы 42 миллион текшеметр болып салынған. Басты бөгетінің түгі де қалмаған су қоймасының су өтетін тоннелі аман екен. Соның барлығын ескере отырып, атқарылар шаруаларды шотқа салып, есептеген мамандар Су шаруашылығы комитетінің төрағасына су қоймасын қайта қалпына келтіруге шамаман 5,5 миллиард теңгенің қажет екенін мәлімдеді. Бұл қаржының 250 миллион теңгесі жобалық-сметалық жұмыстың құжаттамасын жасауға кетпек. Жобалау істері биыл аяқталса, алдағы жылы бөгет құрылысы басталып, 2014 жылы аяқталмақ. Сол кезде мұнда жиналатын су 6,5 - 7 мың гектар алқапқа жетпек. Алла бұйыртса, 2014 жылдан бастап, бүгінде егістіктеріне ылғал жеткізе алмай отырған бірнеше ауылдың шаруалары суға қарық болады.
Ислам Әбішев сапарының соңында: «Кейде судың да тілсіз жау екенін естен шығарып аламыз. Әсіресе, егін шаруашылығына және тағы басқа мақсаттарға арналып салынған, сыйымдылығы үлкен су қоймаларының жұмысын қадағалағанда сақтықты ұмытпаған абзал. «Қызылағаш» бөгетінің орнын көргенде, су қоймасын ұстау мен пайдалану талаптарының дұрыс сақталмағанын байқадым. Оның соңы орны толмас өкінішке ұрындырды. Бөгеттің өзі берік болғанмен, суды босатуға арналған қақпалар дұрыс жұмыс істемеген. Болашақта салынатын су қоймаларына автоматтандырылған басқару жүйелері орнатылады. Қайта қалпына келтірілетін «Қызылағаш» су бөгетінде де солай болмақ. Сонда бақылау мен басқару тиісті мекемелердің барлығының көз алдында жүзеге асырылады. Жалпы, біртіндеп су қоймаларының барлығын сондай жұмыс жүйесіне көшіру ойда бар» деді.

Болат АБАҒАН
Алматы облысы


Пікір калдыру үшін тіркелуіңіз қажет!

« Пред.   След. »


Тіркелу!
Паролді қалпына келтіру!
Информационный сервер xFRK

 Апр   Ðай 2013   Июн

ÐÐÐÐÐÐÐ
   1  2  3  4
  5  6  7  8  91011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
VC Funding ESL
Бизнес-инфо: