|   Негiзгi бет   |   Бiз туралы   |   Әрiптестер   |   Байланыс   |
Негiзгi бет
Ақ сөйле!
Дәулет
Әлеумет
Спорт
Аймақ
Көкейдегі сауал
Жатыпатар
Жүректің көзі

Саясат
Руханият
Саз әлемi
Didar TV
Денсаулық

Ақтөбеліктер бес жылда орындауға уәде берді Печать

06.02.10.
Ақтөбеліктер Елбасы Жолдауындағы барлық тапсырмаларды алғаш рет мерзімінен бұрын 5 жылда орындауға мүмкіндіктері барын мәлімдеді. Бұл басқа аймақтар үшін жақсы өнеге болары анық.
Республикада Елбасы Жолдауын кең ауқымда насихаттауға, түсіндіруге арналған жалпыұлттық қолдау жұмыстары жалғасуда. «Нұр Отан» ХДП-ның бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ-да өткен шара кезінде:
- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған нақты істер жоспары қазақстандықтарды түрлі салада әлемдік жетістіктерге сай етіп қана қоймай, сол жетістіктерді өзіміздің жасауымызға жол ашады. Алдағы 10 жылдың міндеттері «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа әрі негізгі Бағдарламасы болады,- деді. Партия басшысы Ақтөбені Қазақстанның ең ірі өндіріс орталығы, экономикамыздың локомотиві екенін атап өтіп, барлық жұмыстарды облыс тұрғындары үлкен абыроймен атқаратынына сенім білдірді. Елбасының Қазақстанның жаңа онжылдық Стратегиялық даму бағдарламасына қолдау білдіру үшін Ақтөбедегі мұнай құбырлары зауытына 3 мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында өндірістік мекеме жұмысшылары, денсаулық және білім салаларының қызметкерлері, зиялы қауым, маслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері бар.
Ақтөбе - Қазақстандағы өнеркәсібі мықты дамыған, даму қарқындылығымен танымал өңір. Облыста инновациялық жобалар жедел қолға алынып, өз өнімдерімен ішкі және сыртқы нарықта қамтамасыз ететін өнеркәсіптік өндірістер жұмыс істеп келеді.
Биыл елді индустрияландыру картасы бағдарламасына енген 162 жобаның жиырмасы ақтөбеліктердің еншісінде. Құны 6 миллиард доллар болатын жоба өңірдің экономикасын дамытып қана қоймай, өндіріске жаңа технологияларды енгізіп, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуға ықпал етеді. «Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев халқына Жолдауында еліміздің дамуының басым бағыттарын көрсетіп берді. Оның бірі Қазақстанның батыс өңірінде мұнай-газ саласы, металлургия және машина жасау өндірісінің керектігін атап өтті. Мұнай-газ саласына қажетті жоғары сапалы өнім өндіре отырып, біздің ұжым Елбасының бізге қойған міндеттерін орындайды», - деді зауыт шебері Айболат Мазенов. Ақтөбе өңірі Елбасы қойған міндеттер мен тапсырмаларды аса үлкен қарқынмен орындап келеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында жұмыла жұмыс жасап, елдің ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан өңірінің қатарынан көрінеді. Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов: «Елбасы алға қойған барлық міндеттер орындалады. Жолдау онжылдыққа жоспарланған. Бірақ біз тынбай еңбек етсек, бар күшімізді еліміздің даму жолына сарп етсек, алғашқы бесжылдықта барлық міндеттерді орындап, дамудың келесі сатысына аяқ басамыз», - деді.
Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры Жеңісгүл Мұхамбетпаизова Президенттің Стратегиялық бағдарламасында жоспарланған аса маңызды нысандардың бірі «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» көлік жолы бойынша жұмыс істейтін мамандарды дайындауға баса назар аударды. Бұл жолда жастар Жолдау жаңа серпіліс беріп, сенім дарытқанын атап өтті.
Елбасына Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы Федор Чемоданов айрықша алғысын білдірді. Ол Президенттің ҰОС ардагерлеріне үнемі қамқорлық көрсететінін, бұл жолғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында да ардагерлерге баса назар аударғанын атап өтті.

Алтынай САҒЫНДЫҚОВА,
Ақтөбе


Пікір калдыру үшін тіркелуіңіз қажет!

« Пред.   След. »


Тіркелу!
Паролді қалпына келтіру!
Информационный сервер xFRK

 Авг   Ð¡ÐµÐ½ÑÑбÑÑ 2010   Окт

ÐÐÐÐÐÐÐ
   1  2  3  4
  5  6  7  8  91011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
Blog Technology
Бизнес-инфо: