|   Негiзгi бет   |   Бiз туралы   |   Әрiптестер   |   Байланыс   |
Негiзгi бет
Ақ сөйле!
Дәулет
Әлеумет
Спорт
Аймақ
Көкейдегі сауал
Жатыпатар
Жүректің көзі

Саясат
Руханият
Саз әлемi
Didar TV
Денсаулық

Медведев Қазақстанды үлгі етті Печать

06.02.10.

Қазақстан Үкіметі алда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді қолға алатын болды. Бұл мәлімет кеше Үкіметбасы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінде жария етілді. Осы жиында «Сұлтановтың реформасы» түзіліп жатқандығын да білдік.

«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін олардың түпкі нәтижелерге қаншалықты қол жеткізгендігіне қарай бағалау институты енгізілетін болады» деп мәлімдеді министр Бақыт Сұлтанов. Бұған қоса сұлтановтар «мемлекеттік органдардың құрылымын ұйымдастыру», «олардың штат санының лимиттерін бөлу», сондай-ақ «мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу» жүйелерінің тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды ұсынып отыр.

Жалпы, жаңару мен реформа атаулыға Кәрім Мәсімов қарсы емес көрінеді. Ол құрылымдық және жүйелік реформаларды жалғастырмай, Қазақстан ілгері жылжымайтындығын, ескі жүйемен өркендеу қиын екендігін алға тартты. «Соңғы 2,5 жылда біз қолмен басқару режимінде өмір сүрдік. Экономиканы қолмен басқару дегеніміз - дағдарыс кезіндегі жақсы үрдіс» деп тоқтаған Премьер сөзін былай сабақтады: «Ал одан әрі қарай жылжу үшін құрылымдық және жүйелік реформаларды жалғастыру маңызды. Бұл - осы жүйенің өзі әрі қарай ілгерілеуге қауқарлы болуы үшін маңызды» деді ол. Осы орайда Кәрім Қажымқанұлының «дағдарыс менеджері» ретінде «оптимистік» және «пессимистік» сценарий құруды, «А жоспарымен» қоса, «Б жоспарын» да ойда ұстауды қош көретіндігі еске түседі. Сондықтан Сұлтановтың командасына мемлекеттік басқару жүйесін реформалау бағытында дұрыстап ойлану қажет. «Атап айтқанда, қажет саналатын шаралар құрамын ұсынуларыңыз қажет. Олардың бір бөлігі осы ведомствоға тікелей байланысты. Қалған бір бөлігі басқа салаларға арналған, яғни құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты» деді Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановқа бұрылған Премьер.
Сұлтановтың реформасы «мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін арттыру» бағытын да қамтиды екен. Осы мақсатта министрлік «жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызметтердің тізілімін (Реестр государственных услуг) жаңа редакцияда әзірлеп шыққан. Нәтижесінде Қазақстанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны 109-ға ұлғаймақ.
Алқа мәжілісінде Үкімет басшысы осы министрліктің алдағы жоспарларына қанықты. Мәселен, сұлтановтар биыл еліміздің жалпы ішкі өнімнің 1,5-2%-ға өсуін жобалап отыр (министрліктің дерегінше, 2009 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ІЖЂ-сі 1,1 пайызға өскен). Сұлтановтың командасы Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингтерінің өткен жылдардағыдай жаппай құлдырауына жол бермей, инвестициялық класс деңгейінде сақталуына жан салатындығы анықталды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 2010 жылы 2,9 %-ға артады деп күтілуде. Еліміздің жоспар мен болжам құрушы бас органының тұспалдауынша, осы жылы шағын және орта бизнестің еліміздің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 31,3%-ға жетуге тиіс. Бұл жерде ол межеге еліміздің өзінен өзі, инерциямен келмейтіндігі мәлім, бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін билік ықпал етуі керек. «Биылғы жылы министрлік елдегі іскерлік белсенділікті қолдауға бағытталған жұмысты жалғастырады, - деді министр Бақыт Сұлтанов. - Яғни, жекелеген лицензияланатын қызмет түрлері бойынша рұқсат алуға қажетті құжаттар санын қысқарту, рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету, тексерулерді ретке келтіру, регуляторлық ықпал етуді талдау тетіктерін ендіру сынды әкімшілік кедергілерді қысқарту шаралары қабылданады. Сондай-ақ, бизнес жүргізу құнын азайту, салық режимін жақсарту, инфрақұрылым бойынша мемлекеттік қолдау және қажетті кадрлар даярлау жұмыстары жүргізілетін болады». Бұл іс өз жемісін бере бастағандай: министр Үкіметбасыға былтыр бизнесмендердің саны өскендігін хабарлады. Олардың саны 740 мыңға көбейіпті. Бір ғажабы, Қазақ елінің осындай жетістіктеріне «одақтасымыз» «күндеп» демей-ақ қоялық, бірақ қызыға әрі қызғана қарауда: таяуда бизнес саласын қолдауға жауапты барлық шенеуніктерін жиған Ресей президенті Дмитрий Медведев үлгі ретінде Қазақстанды атады: әлемдік бизнес жүргізудің жеңілдігі рейтингінде 180 елдің ішінде Ресей 120-шы орынға дейін кері сырғыпты, ал Қазақстан 63 орынға көтерілген. Мүмкін Путин Үкіметі «тәжірибеңді үйрет» деп Мәсімов командасына қолқа салар, оны көре жатармыз.

Айхан ШӘРІП


Пікір калдыру үшін тіркелуіңіз қажет!

« Пред.   След. »


Тіркелу!
Паролді қалпына келтіру!
Информационный сервер xFRK

 Авг   Ð¡ÐµÐ½ÑÑбÑÑ 2010   Окт

ÐÐÐÐÐÐÐ
   1  2  3  4
  5  6  7  8  91011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
Techies Resources High Level Synthesis
Бизнес-инфо: