|   Негiзгi бет   |   Бiз туралы   |   Әрiптестер   |   Байланыс   |
Негiзгi бет
Ақ сөйле!
Дәулет
Әлеумет
Спорт
Аймақ
Көкейдегі сауал
Жатыпатар
Жүректің көзі

Саясат
Руханият
Саз әлемi
Didar TV
Денсаулық

Әлемдегі ең көне тіл өлді Печать

06.02.10.
Үнді мұхитының шетін ала орналасып, Үндістанның иелігінде болып келе жатқан Андаман аралын мекендейтін бо тайпасының соңғы тұяғы саналатын 85 жастағы кейуана көз жұмды.

Бұл қазаға бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары ерекше мән берді. Өйткені бо тайпасы аралды 65 мың жыл мекендепті. Бұл аз десеңіз, Үлкен Боа (Boa Sr) жер бетінде бо тілін білетін соңғы адам екен. Қысқасы, бір тіл бір-ақ күнде жоғалып кетті...
Оқымыстылардың айтуынша, ежелгі андамандықтардың арғы тегі Шығыс Африкадан. Сол жақтан қоныс аударған тайпаның туған тілі - ең көне тіл кейуананың қазасымен бірге жер бетінен жоғалды. Қазір Андаман аралында тамырын тереңнен алатын тоғыз тайпа бар екен. Олардың әрқайсысы өз тілінде сөйлейді. Олардың бірі мына әлемде не болып жатқанымен шаруасы жоқ, адам баласына жуымайтын болғандықтан, санын да нақты ешкім айтып бере алмайды. Ал өзге сегіз тайпаның құрамында бар-жоғы 52 адам ғана көрінеді.
1858 жылы ағылшындар Андаман және Никобар аралдарын жаулап алғанда, мұнда 5 мың жатжұрттықтар болған. Көп ұзамай олардың бір бөлігі түрлі ауру-сырқаудан көз жұмған. Ал туған тілін қара жердің қойнына өзімен бірге ала кеткен үлкен Боа қиындықты қайсарлықпен көтерген. Тіпті ол 2004 жылы желтоқсан айында Азияның оңтүстік шығысында болған алапат толқынның болуы кезінде де тірі қалыпты.

Айнұр Серікбай


Пікір калдыру үшін тіркелуіңіз қажет!

« Пред.   След. »


Тіркелу!
Паролді қалпына келтіру!
Информационный сервер xFRK

 Авг   Ð¡ÐµÐ½ÑÑбÑÑ 2010   Окт

ÐÐÐÐÐÐÐ
   1  2  3  4
  5  6  7  8  91011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
Blog Technology
Бизнес-инфо: