28.07.10. Елімізде 500 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар десек, олардың көпшілігі - жүріп-тұруға жағдай жасалмағандықтан, төрт қабырғаға қамалып отырғандар. Ең ірі қаламыз - Алматының өзінде арнайы инфрақұрылым дамымаған. Арнайы лифттер мен пантустардың, қоғамдық көліктердің жоқтығы мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алу, еңбек ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр. Тіпті қаланың бір шетінен екінші шетіне жетуі мұң. Осындай олқылықтың орнын аз да болса толтырып, мүгедектерге қаланың көрікті жерлерін көрсету және арнайы инфрақұрылымды құруға назар аударту мақсатында «Жол ашар» ынталы тобы арнайы жобаны қолға алыпты.
28.07.10. «Алматы - ару қала» десе, ай, тамсанбайтын біріміз жоқ. Алайда еліміз бойынша АҚТҚ вирусын жұқтырғандардың әрбір бесіншісі Алматы қаласында тұратынын білсеңіз, не дер едіңіз? Ақиқаты солай. Алматы республика бойынша алдыңғы орынды бермей тұр. Елімізде осы уақытқа дейін АҚТҚ вирусынан 2507 адам қайтыс болған екен, олардың ішінде ЖҚТБ-ға айналып үлгергендері - 843. Республикалық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас директоры Владимир Селесарев жергілікті ақпарат агенттіктерінің біріне берген сұхбатында осындай дір еткізер деректерімен бөлісті.