ҰБТ-ға дайындық пайда көзі ме, әлде білімді шыңдау ма?
06.02.13
Ғани БЕЙСЕНБАЕВ, EDTECH.KZ халықаралық білім орталығының бас директоры:
– Ұлттық бірыңғай тестілеу – мемлекеттік емтиханның жаңа, заманауи түрі. Сондықтан да оған дайындық бұрынғы ескі жүйеден өзгеше, жаңаша болуы қажет. Алайда жеке репетиторлар мен жоғары оқу орындарындағы дайындық курстары бұған әлі дайын емес. Кез келген жастың ҰБТ-дан жоғары балл жинап, жақсы жоғары оқу орнына түскісі келеді. Болашақта бақытты, баянды һәм бай болғысы келеді.
Елiмiзде су қорын үнемдеу мен игерудің тиімді жолы ретінде қандай іс-шараларды жүзеге асыруға болады?
05.02.13
Азат ПЕРУАШЕВ,
Мәжіліс депутаты:
– Су қорын үнемдеу – аса маңызды мәселе. Бұл туралы Елбасы өзінің «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында да нақты айтты. Жалпы, су тапшылығы қазіргі уақытта әлемдік проблемаға айналуда. Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымы суды үнемді пайдалану қажеттігі жөнінде арнайы бағдарлама қабылдады. Мысалы, шетелдерде болғанда байқап жүргеніміздей, әлемнің бірқатар елдерінде мейрамханалар мен қонақүйлерінде, қоғамдық орындарда «Суды ысырапсыз пайдаланбаңыз! Суды өшіруді ұмытқан жоқсыз ба?» деген тәрізді парақшалар жазылған. Бұл – әрбір азаматты суды тиімді әрі ысырапсыз пайдалануға үйретудің бір жолы. Ал бізде жағдай мүлде басқа. Суды ысырап етудің салдарынан шығын да көп. Сондықтан біздің тұрғындарымыз да, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері де суды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырғаны мақұл. Мұның бірінші жолы – ауыл шаруашылығы алқаптарын тамшылатып суару. Бұл – суды үнемдеудегі ең тиімді әдіс. Бір өкінштісі, салақтығымыздың салдарынан алыстағы малшылар ауылындағы артезиан құдықтарын құртып біттік. Бүгінде олардың көпшілігі жұмыс істемейді немесе пайдаланусыз қалды. Мұның салдарынан елімізде мал басын көбейту баяу жүргізілуде.Демек, ескіден қалған артезиан құдықтарын жөндеп, қалпына келтіру керек. Тағы бір мәселе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы судың көп рәсуа болғанын қалайды. Олар осыны желеу етіп, жыл сайын бюджеттен көп көлемде қаржы сұрауға бейіл. Бұған заңды түрде шектеу қоятын уақыт келді. Осыған орай, «Ақ жол» партиясының Парламенттегі фракция мүшелері суды анағұрлым үнемдеу мақсатында Елбасы айтқандай, салаға жекеменшіктік бәсекелестікті енгізуді Үкіметтен сұрадық. Сонымен қатар аграрлық секторда осы заманғы озық технологияларды кеңінен пайдалану керек.
Халық құқық қорғау органдарына неге сенімсіздікпен қарайды?
1.02.13
Ерсайын ТӨЛЕУБАЙ, Халық артисі, режиссер-драматург:
– Құқық қорғау органдары ең алдымен мемлекеттің заңына бағынуы тиіс. Мемлекеттік бюджеттен ақша алып отыр және жалақылары жаман деп айтуға болмайды, одан да төмен алатын салалар бар. Соған қарамастан ішінара жемқорлыққа бой алдырған, тойымсыз ашкөздері кездеседі. Олар қарындары ашқандықтан пара алмайды, халықтың ақшасын тонап, байысам деп ойлайды. Ондайлар халықты қорғап жүрген жоқ, керісінше қанайды. Қазіргі құқық қорғау саласында ондайлар пайызға шаққанда – 50х50 деп айтар едім. Осыған тосқауыл қоймаса, кеулеп кете береді. «Коррупцияны жеңу мүмкін емес» деген бос сөз. Алысқа бармай-ақ, бауырлас Балтық жағалауы елдерін, Грузияны алайық. Олар сыбайлас жемқорлықты жеңді, мемлекеттік органдар халыққа қалтқысыз қызмет етеді. «Социализм синдромы» деген ауру бар, сол біздің бойымызға әбден сіңген, содан біз әлі арыла алмай жатырмыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғана емес, басқа да мемлекеттік қызметкерлердің арасында өз қызметiн пайдаланып, ақша табуды, баюды көздейтіндер көп. Тексіз адам тексіздігін жасайды.
Жергілікті өнімдердің бағасы әлемдік брендке қарағанда неге қымбат?
29.01.13
Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономист:
– Шетелде болсын, елімізде болсын жасалған өнімдердің бағасы оның еңбек өнімділігіне тікелей байланысты болады. Мысалы, бізде бір костюмді жарты күн тіксе, басқа елдерде жаңа технологияларды пайдаланып, түске дейін
он шақты костюм тігуі мүмкін. Біздің жағдайда елімізде шығарылатын өнімдер шетелдік өнімдерге сай болуы керек. Шетелдерден әкелінген өнімдер отандық өнімдерден қымбаттау болуы заңды. Өйткені оны жеткізу барысында шығындар болады. Ал егер шетелдік өнімдер арзанға түсетін болса, оны сатып ала салған оңай. Бірақ өзіміз де сапасы жағынан, саны жағынан да қалыспайтын өнімдерді шығаруға талпынуымыз керек. Ол үшін мемлекет несие, салық жағынан, субсидия сияқты тағы да басқа көмектермен өндіріс орындарына қолдау жасауы керек. Отандық өнім екен деп халық кез келген тауарды сатып ала бермейді ғой. Сондықтан отандық өнімдердің бағасымен қатар, оның сапасын жақсартуға көңіл бөлген жөн. Ол үшін жаңа технологияларды пайдаланып, мамандарды дайындау қажет.
Дәурен ҚУАТ, «Абай.кз» ақпараттық порталының бас редакторы:
– Ресми орындардың көбісі ақпаратты орыс тілінде береді. Осы тоңды жібіту үшін, интернет-журналистикада қазақ сайттарының бірінші ақпарат көзіне айналуы үшін ресми орындардың кез келген жиындарына қатысуымыз керек. Егер біз ақпаратты сол жерден тікелей алсақ, ол материалдың саяси салмағы да арта түседі. Қазақ сайттарын дамытудың бұдан басқа да жолдары бар, бұл жерде сол сайттарды ашып жатқан азаматтардың белсенділігі керек. Үкіметіміз орысша сөйлейді екен деп жүре берсек, ештеңе шықпайды. Қазір азаматтық қоғам қалыптасып келеді. Азаматтардың жекелеген белсенділігі күшейіп, нақты мәселе қоятын ұсыныс жасасақ, билік бізбен санасады. Мысалы, 90-жылдар басында қазақ баспасөзі нарыққа бейімделе алмады, Үкіметке деген масылдық болды бойында. Әлі де болса сол масылдықтан арыла қойған жоқ. Міне, сол кезде орыстілді қауым азаматтық белсенділік танытты. ҮЕҰ құрды, сол арқылы Үкіметке үнін жеткізді. Үкімет олармен санасты. Сондай азаматтық белсенділік, кәсіби белсенділік бүгінгі қазақ сайтын жасаушыларда да болуы керек.
Латын қарпіне қазақстандықтар ма, әлде қазақ ұлты ғана көшуі керек пе?
Өмірбек БАЙГЕЛДІ, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері: - Еліміз өркениетті қоғамға бет бұрған кезеңде Қазақстанның кириллицадан латын қарпіне көшуі міндетті түрде қажет.
16.01.13. Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы: - Қазіргі кезде азаматтардың аты-жөнін жазуда бірізділіктің болмауы көпшілікте орысшылдық басым да, құжатты ауыстыруға ниет жоқ. Азаматтар бұл жұмыстың машақатынан қашады. Содан кейін, мемлекеттік жігер болмай тұр.
Қазақ баспасөзі бәсекеге қабілетті болуы үшін не істеу керек?
11.01.13. Марат ТОҚАШБАЕВ, «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы: - Бүгінде қазақтілді басылымдарға Қазақстандағы бүкіл басылымдардың деңгейінде қараймыз. Алайда бұл жерде ескеретін екі мәселе бар. Біріншіден, Қазақстанның ақпараттық кеңістігін сыртқы ақпараттық экспансиядан қорғау мәселесі. Өз ақпараттық кеңістігімізді қорғай алмай отырып, мемлекеттік тілдегі баспасөздің бәсекеге қабілеттілігі туралы айту мүмкін емес.
Латын әліпбиіне тезірек көшу үшін қандай кешенді шараларды жүзеге асыру қажет? Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, жазушы-драматург: - Біздер, зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшу мәселесін соңғы он жылдан бергі уақыт аралығында көтеріп келеміз. Меніңше, тәуелсіз еліміздің латын әліпбиіне көшуі - ешқандай дау тудырмайтын мәселе.
15.05.12. Темірғали КӨПБАЕВ, «Қазығұрт» баспасының директоры: - 2010 жылы Ақпарат және мұрағат комитеті Байланыс және ақпарат министрлігіне қараған кезде, қазақшаға шорқақ мамандар көркем әдебиетті жоспарлау жүйесінде үлкен қателіктер жіберді. Сол кезде баспалардың мүмкіндігінен тыс нәрселер күштеп енгізілді. Мәдениет пен ақпарат саласы біріккен соң, бәрі енді қайта қалпына келе бастады.