|
Қазақстан тарихында тұңғыш рет шығарылған еңбек |
|
09.09.10. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 томдық таңдамалы сөздерінің жинағы оқырманға жол тартты
 Осы орайда кеше ел Президенті кеңсесінің бастығы, 20 жылдан астам уақыт бойы Елбасының қасында жүрген үзеңгілесі Махмұт Қасымбеков жетекші қоғамдық саяси басылымдар үшін арнайы брифинг өткізді. Жинаққа Ұлт көшбасшысының жиырма жыл (1989-2009 жылдар кезеңі) бойындағы тұғырнамалық және бағдарламалық сипаттағы ең елеулі деген сөздері мен баяндамалары кіріпті.
|
|
3 миллиард теңге! |
|
09.09.10.
 VII қысқы Азия ойындарының бас демеушісі атанған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры байрақты бәсекеге осындай қаржы бөлетін болды. Жағымды жаңалықты Туризм және спорт министрлігінде өткен басқосуда «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-тың президенті А. Құлназаров пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың басқарушы директоры-басқарма мүшесі Қ.Әйтекенов қағазбен қаттап, мөрмен бекітіп үлгерді.
|
|
БОЛАШАҚТЫҢ ГОСПИТАЛІН ҚҰРАМЫЗ! |
|
09.09.10. Дүние жүзіндегі дамыған елу елдің қатарына кіреміз десек, медицина саласындағы қызмет сапасын көтеруіміз керек. Кеше Астанада басталған «Болашақ госпиталі» І Халықаралық медициналық іскерлік форумы еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы менеджментті әлемдік деңгейге жеткізу жайын талқылады.
|
|
Заманға сай білім болмаса, табысқа жету қиын |
|
09.09.10. «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткен Жоғары партиялық мектептің жаңа оқу кезеңінің ашылу салтанаты туған күн иесіне құрмет көрсетуден басталды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Н. Нығматулин партия мүшелерінің атынан «Атамекен» одағы ұлттық экономикалық палатасының президенті Азат Перуашевты дүниеге келген күнімен құттықтап, шахмат сыйлады.
|
|
«Еуропаға жол» ЕҚЫҰ офистерін Шығысқа қарай жылжыту керек... |
|
09.09.10.
 Үш айдан кейін он бір жылдан бері жиналмаған 56 ел басшылары ЕҚЫҰ-ның Астана саммитіне келмек. Қазақстандық сарапшылар қазірдің өзінде саммит ұйымдастырушылар назарына тосын бастамаларын ұсынуда. Олардың бірі ЕҚЫҰ атауын өзгертіп, оған А әрпін қосатын уақыт жетті десе, келесі сарапшы халықаралық ұйымның Астанада жаңа институтын ашуды қажет санайды.
|
|
АШЫҚБАЕВ қашанда ашық |
|
09.09.10.
 Сыртқы істер министрінің тұңғыш ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ержан АШЫҚБАЕВ мырза туралы біз не білеміз?
|
|
Өңіраралық келісімнің келешегі өміршең |
|
08.09.10.
 Үстіміздегі жылдың 6-7 қыркүйек күндері Өскеменде VІІ аймақаралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. «Орнықты даму және жоғары технологиялар» атты Қазақстан мен Ресей VІІ аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚТМУ Алтай технологиялық паркінде Президент Н.Назарбаев пен Д.Медведев болды.
|
|
Қазақстан қоғамы қайырымды... |
|
08.09.10. Парламентке келіп, баяндама жасаған Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков Қазақстандағы «балалар үйлерінде тұрып жатқан жетімдердің саны жыл өткен сайын төмендеп келе жатқанын», өйткені оларды асырап алуды қалайтын қазақстандықтардың саны өскенін мәлім етті. Ол сенаторларға «бүгінгі таңда бір мың сегіз жүз қазақстандық отбасының бала асырап алу кезегінде тұрғандығын» хабарлады.
|
|
Жол бойында жауап берді |
|
08.09.10. Қала көшелеріне «қабырғасына» жол полициясының белгілері тағылған үш үлкен автобуспен көшеге арнайы шыққан МАИ басшылары мен қызметкерлері тұрғындарды қабылдады.
|
|
Экологиялық мәселемізді еуропаша шешеміз немесе қоқыс алаңына инвестиция салатындар табыла ма? |
|
08.09.10.
 Қоршаған ортаны қорғау саясатын түзу үшін еуропалық үлгіге үміт артып отырмыз. Осы мақсаттағы жобаға Еуропалық Одақ 1,9 млн евро бөліпті. Осы қаржыға "Euroconsult Mott MacDonald" жетекшілігіндегі консорциум қатты тұрмыстық қалдықтарды, өзен бассейндерін, сапалы ауаны басқарудың амал-тәсілдері мен жолдарын түсіндіретін жоба жасапты. Осылайша, қоршаған ортаны қорғайтын мемлекеттік мекемеміз бола тұра, экологиялық мәселемізді еуропаша шешуге кірістік.
|
|
Жұрттың ұсынысы – жалақы... |
|
08.09.10. "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы өзінің жаңа Бағдарламасын дайындау кезінде басшылыққа алу үшін маусым-тамыз айларында "Отандастар" республикалық акциясын өткізген еді. Кеше партияның Алматы қалалық филиалында осы филиал төрағасының орынбасары Серік Бейсековтің басшылығында акция аясында қала тұрғындарынан келіп түскен ұсыныс-пікірлерді талқылауға арналған дөңгелек үстел болып өтті.
|
|
Сапарбай сыйлық алды |
|
08.09.10.
 "Нұр Отан" партиясының қоғамдық-саяси орнын қалыптастыруда "Дала мен Қала" газетінің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қырық мыңнан астам оқырманы бар басылым қазір еліміздегі іргелі басылымдардың қатарынан ойып тұрып орын алған.
|
|
Ел тірегі – жастар |
|
08.09.10. Атырауда "Нұр Отан"ХДП облыстық филиалының ұйымдастыруымен осы тақырыпта жұмысшы жастармен кездесу өтті. Жұмысшы жастар арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткен кездесу соңында Атырау қаласы жұмысшы жастары мен жастар ұйымдары үндеу қабылдады.
|
|
Өндірісті өңірде өзгеріс көп |
|
07.09.10.
 Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарының бірінші күні Өскемен қаласындағы әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандарды аралаудан басталды. Ең алдымен Елбасы «Балапан» мектепке дейінгі тәрбие беру орталығында болды.
|
|
Біз Көк тулы мемлекетпіз бе, әлде көп тулы мемлекетпіз бе? |
|
07.09.10.
 «Мемлекеттік рәміздер туралы заңның» 13-бабының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. Бірақ, өкінішке қарай, соңғы жылдары, әсіресе, Алматы көшелерінде қазақтың Көк туын емес, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының бейресми рәмізіне айналған, жарты ай мен жұлдыз безендірілген көгілдір туды автокөліктерінің алдыңғы және артқы терезелеріне іліп жүру үрдісі белең алып барады.
|
|
<< [Басы] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңы] >>
|
| Нәтиже 1 - 15 из 771 |