 |
|
 |
Спорт
|
Токиодағы тартыс |
|
08.09.10.
 Бүгін Жапония астанасы Токио қаласында дзюдодан әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа тыңғылықты даярланды. Жаттығудың алғашқы кезеңін Алатау бөктерінде өткізген жерлестеріміз одан кейін Ресейдің Челябинск қаласына сапар шекті. Ол жерде аталмыш елдің ұлттық құрама командасымен тәжірибе алмасып қайттық. Ал осы аптаның басында балуандар күншығыс еліне аттанды.
|
|
Сегіз мықты суырылып шықты |
|
08.09.10.
 Осыдан екі айға жуық уақыт бұрын бастау алған Қазақстан бокс федерациясы кубогы үшін жарыстың 1/8 финалдық бәсекелері өз мәресіне жетті. Осы айналымның ең соңғы кездесуі Қостанай қаласында өтті. Ол жерде жергілікті былғары қолғап шеберлері мен Солтүстік Қазақстан облысы құрама командасы шеберлік байқасты.
|
|
Басы қатты болды енді аяғы тәтті болуын тілейміз |
|
08.09.10.
 Мәскеуде күрестің үш түрі бойынша әлем чемпионаты басталды. Алғашқы болып, әдеттегідей грек-рим күресі шеберлері жарыс жолына шықты. Дүйсенбіде үш салмақ дәрежесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Өкінішке қарай, біздің балуандар жеңіс тұғырына көтеріле алмады.
|
|
Балуандар Мәскеуде белдесті |
|
07.09.10.
 Мәскеуде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты басталды. Төрткүл дүниенің теңдессіз балуандарының барлығы да Ресей астанасында бас қосып, өздерінің мықтылығын дәлелдеу үшін боз кілемге беттеді. Осы жарыста қай елдің өрендері асқан шеберлік танытуға тиіс? Кімдер топ жарып, кімдер көш соңында қалып қоюы мүмкін. Осы сауалға нақты жауап алу үшін былтыр Данияның Хернинг қаласында аяқталған әлем чемпионатының қорытындысына көз жүгірту қажет.
|
|
Қарсыласты қаймықтырар Кинг-Шведова жұбы АҚШ чемпионатының ширек финалына шықты |
|
07.09.10.
 Азаматтығын ауыстырып, қазақ төлқұжатын алған теннисшілердің ішінде Ярослава Шведова үмітті ақтап жүр. Ол, әсіресе, «Үлкен дулыға» жарыстарында табысты өнер көрсетіп, жанкүйерін қуантуда. Туысқан башқұрт ұлтына жиен болатын (анасы - Нұрзия) жиырма үш жастағы Ярослава АҚШ-тың биылғы ашық біріншілігінде де жақсы қырынан көрінді.
|
|
«Еуроспорт» телеарнасы қазақ спортшыларын насихаттайды |
|
04.09.10. «Астана» велокомандасы мен «Еуроспорт» телеарнасы біріккен 2 тележобаны іске асыру мақсатында қоян-қолтық араласуға бел буды.
 Ақжолтай ақпаратты жалпақ жұртқа жария еткен Велоспорт федерациясының президенті, «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Қ.Келімбетов: «Еуроспорт арнасы Қазақстанға арналған тележобаны қаржыландыруға және іске асыруға ниет білдірді. Телеарна еуропалықтарға Қазақ елін және біздің спортшыларды танытқысы келеді» деді.
|
|
«САМҰРЫҚ–ҚАЗЫНА» спортқа бет бұрды |
|
04.09.10. «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның атын халықаралық аренада шығарады-ау деген спорт түрлерін дамытуға қомақты қаржы бөліп отыр.
 Бұл қаржы үстіміздегі жылдың басында құрылған «Самұрық-Қазына-Астана» корпоративті қоры арқылы үлестірілмек. Аталған қордың бас директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың айтуынша, «Самұрық-Қазына» бөлген қаржы күрес, ауыр атлетика, су добы, волейбол және қайық есу сияқты спорт түрлерін дамытуға жұмсалмақ.
|
|
Сәті түскен сұхбат! 04.09.10. |
|
Еділ РЫСБАЕВ, қол күресінен Азия чемпионы: Қаржы қолбайлау болмаса, тұғырымыз биіктей түсетін еді...
 Қол күресі - кез келген тойдың сәнін келтіретін жарыс. Өз білегінің күшіне сенімді адам үстелге отыра салып, күш байқаса кетуі ғажап емес. Дәл осы армрестлингті серік етіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген жерлестеріміз аз емес. Жақында ғана қол күресінен ұлттық құрамамыз Азия чемпионатынан оралды.
|
|
Жәнібек – жамбылдықтардың мақтанышы |
|
03.09.10. Елдің атын ер шығарады! Киелі Тараз қаласының тумасы, жасөспірімдер арасында тұңғыш рет өткізілген Олимпия ойындарында алтыннан алқа тағып Олимпиада чемпионы атанған жерлесіміз, жас балуан Жәнібек Қандыбаев осыны тағы да бір рет дәлелдеді.
|
|
Шведова мен Голубевке үміт артамыз |
|
03.09.10.
 АҚШ-тың ашық біріншілігіне аттанған бес теннисшіміз де жекелей сында сәтсіз өнер көрсетіп, жарыстан шығып қалды. Сесиль Каратанчева біліктілік кезеңінен аса алмаса, қалған төрт отандасымыз алғашқы кездесулерінде-ақ сүрінді. Енді микст (ерлер мен әйелдер жұбы) бойынша сынға түсіп жатқан Ярослава Шведова мен өзбекстандық шебер Денис Истоминмен жұп құрған Андрей Голубевтің тілеуін тілейтін боламыз.
|
|
Жыландының жігіттері жарады |
|
03.09.10.
 Алматы облысы, Алакөл ауданының Жыланды ауылында туып-өскен Бауыржан мен Ержан Оспановтардың есімі көпшілікке жақсы таныс. Бұл күндері "ZHERSU" деп аталатын ірі инвестициялық-өндірістік корпорацияны басқарып отырған бизнесмендер үнемі түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрады. Олар тек Астана мен Алматы немесе Талдықорғанда ғана емес, өз ауданы, кіндік қандары тамған ауылына жиі ат басын бұрып, көптеген игі істер атқаруды әлдеқашан әдетке айналдырған. Расында да Алакөл өңірінде Оспановтардың шапағатын көрмегендер кемде-кем шығар.
|
|
Түріктерді тоқтата аламыз ба? |
|
02.09.10.
 Ертең футболдан 2012 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі басталады. Қарт құрлықтың 51 командасы тоғыз топқа бөлініп, өзара шеберлік байқасады. Солардың арасынан топ жеңімпаздары мен екінші орын алған командалар арасында ең көп ұпайға иелік еткені «ЕУРО-2012» жарысына қатысады. Екінші орынды иеленген сегіз құрама қалған төрт жолдаманы өзара сарапқа салады. Олардың қатары жарыс қожайындары ретінде Польша және Украинамен толығады. Сөйтіп, бақ жұлдыздары жанған 16 мемлекеттің теңбіл доп шеберлері 2012 жылдың 9 маусым мен 1 шілде аралғында өтетін доп додасында бас қосады.
|
|
«Туған жерге тағзым» |
|
01.09.10. Ата заңымыздың 15 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында «Туған жерге тағзым» атты үлкен акция өтті. Сол шараның негізінде аталмыш облыстың бірқатар аудандарында жаңа спорт кешендері мен орта мектептер ашылды.
|
|
Мұхиттың арғы бетіндегі дүбір |
|
01.09.10. 
Әлемнің ең мықты теннисшілері тегісімен АҚШ-тың ашық біріншілігінде бақ сынауда. «Үлкен дулыға» санатындағы бұл мәртебелі жарысқа Қазақ елінің өкілдері де аттанған болатын. Өкінішке қарай, солардың екеуі қазірдің өзінде бәсеке жолынан шығып қалды. Қалған үшеуі алғашқы кездесулерін кеше түнге қарай өткізді.
|
|
Қарағанды ширек финалға шықты |
|
01.09.10. Жуырда Қазақстанның бокс федерациясы кубогы жолындағы жарыстың кезекті кездесуі өтті. Естеріңізге сала кетейік, Тимур Құлыбаев тізгінін ұстаған ұйым биыл жаңа бастама көтерген болатын. Соның негізінде әр облыс жеке-жеке команда жасақтап, шаршы алаңға шығуға тиіс. Жеңілгендері жарты жолда қалады да, жеңгендері жарысты жалғастыра береді. Сөйтіп, жыл соңында еліміздегі ең үздік команда анықталып, оған арнайы кубок табыс етіледі.
|
| << [Басы] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңы] >>
| | Нәтиже 1 - 15 из 303 |
|
 |
|
 |