|
Көңілімдегі КӨКЕМ |
|
29.07.10. Өлшеулі ғұмыр деген. Әйтпесе көкем Сайлау Асабайды ажал тұрмақ, қара тырнағын да жатқа қияр ма едік?! |
Мақала толығымен...
|
|
|
Ыстықкөлдің орнын Бурабай баса ала ма? |
|
29.07.10.
 Қырғыз БАҚ-тарының хабарлауынша, Қырғызстандағы биылғы туристік маусым өзін-өзі ақтамақ түгілі, туроператорларды қарызға белшеден батырып отыр. Есесіне, отандық туроператорлардың сүйіншісі зор: әдетте Ыстықкөл жағасында демалатын қазақ туристері биыл ел ішінде қалып, ішкі туризмнің дамуына мол үлес қосуда. Кейбір деректерге сенсек, Қырғызстанда жылына жүз мыңдаған қазақ азаматтары демалатын еді. Биыл отандық саяхатшылар Ыстықкөлдің орнына Бурабай, Алакөл, Ертіс, Каспий, тіпті Қапшағайды таңдап, ішкі сұранысты арттырып отырса, шет мемлекеттерінің ішінде Түркия мен Қытайдың Хайнань аралдарын сапарлап жатыр. Десе де, отандық туристік компания өкілдері өз өкініштерін де жасырмайды: ішкі туристік бағыттар Қырғызстандағы дүмпулерден кейін таңдалып отырған сияқты. Ал отандық туризм кластерінің барынша дамып, ішкі бағыттардың тұрақты түрде үлкен сұранысқа ие болуы үшін саладағы қордаланған мәселелерді, оның ішінде, ең бастысы, баға саясатын қайта қарастыру қажет. |
Мақала толығымен...
|
|
|
Отыздан асып барамын... |
|
29.07.10. немесе еліміздегі неке агенттіктерінің қызметі қандай?
 Олар батыста он жетінші ғасырдың 50-жылдары пайда болған. Үш ғасыр ішінде қызметі өркендеп, қанатын кеңге жайыпты. Нарық заманы орнағалы біздің қоғамға да сыналап кірген қызмет түрінің бірі - неке агенттіктері бүгінде бизнес көзіне айналып бара жатқандай. Бір Алматының өзінде жұбыңызды тауып, бір басыңызды екеу етiп беремін деп құлшынып отырған оннан аса осындай агенттік бар екен. Бұл біздің ғаламтордан мекен-жайларын тапқандарымыз ғана. Оларға еліміздің өзге аймақтарында «бизнесін дөңгелентіп» жүргендерді қосып қойыңыз. |
Мақала толығымен...
|
|
|
Ендігі дағдарыс нені «бүлдіреді»? |
|
29.07.10.
 Осыған дейін біз әлемдік даңқы бар сарапшылардың пайымдауы бойынша көп ұзамай-ақ дағдарыс болатынын және оның қоздырушы себептерін жазған едік. Бұл жолы енді сол сарапшылардың болжамдарындағы өзімізше «осы ақиқатқа жақындау-ау» дегендеріне сүйене отырып, алда болуы мүмкін жаңа дағдарыстың қандай сипатта өрбитіндігі жайлы әңгіме қозғамақпыз. Өйткені қазақ «қамданған қапы қалмайды» деген. Сондықтан әуелі 2007 жылдың тамызында басталған бүкіләлемдік дағдарыстың «салқыны тиген» салаларға назар аударып алған дұрыс. Ендеше, біз де экономика ғылымының осы заңына сүйеніп әңгімемізді түзейік. |
Мақала толығымен...
|
|
|
Мемлекет қайраткері Тобағабыловтың тойы өте ме? |
|
29.07.10.
 «Тобағабылов деген кім, ел үшін ол не істеді?» деген сұрақтардың туындауы заңдылық. Кезінде Мемлекет басында бірқатар қызмет атқарып, бар ғұмырын еліне, ұлтына арнаған мемлекетшіл, ұлтжанды болған Әбілбек Тобағабыловты бүгінде біреу білсе, біреу білмес?! Себебі тағдырдың жаманы мен жақсыcының дәмін қатар татқан Әбілбекті өмірінің соңғы жылдары Хрущевтың Қазақстанда жүргізген сұм саясатын іске асырушылардың назарынан тыс қалмады. |
Мақала толығымен...
|
|
|
|