|   Негiзгi бет   |   Бiз туралы   |   Әрiптестер   |   Байланыс   |
Негiзгi бет
Ақ сөйле!
Дәулет
Әлеумет
Спорт
Аймақ
Көкейдегі сауал
Жатыпатар
Жүректің көзі

Саясат
Руханият
Саз әлемi
Didar TV
Денсаулық
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ – «Жыл адамы» Печать

01.07.10.

Қазақстан өз міндеттемелерін орындамай, ұлттық заңымызға мұрын шүйіре қарайтын, елді құлпыртудың емес, тек өз қалтасын қампайтудың қамын ғана ойлайтын инвесторлармен «ат құйрығын кесісетін» болады. Астанада өткен Минералды ресурстар мен металлургия жөніндегі
І қазақстандық халықаралық конгресте Елбасы осындай қатаң мәлімдеме жасады. «Мен игеру мақсатында кен орындарын ұсынуға мораторий енгізгенмін. Өйткені уақытында кен орындарымызды қаптатып сатып алды, астарына басты, бірақ ешқайсысы қаражат салу бойынша контрактілік шарттарды орындап жатқан жоқ! - деп кейіді, жиналған шетелдік инвесторларды шола қараған Президент Нұрсұлтан Назарбаев. - Енді шөп маясына жатып алған иттей, басып отыр, басқаларға бермейді, өздері де пайдаланбайды!»


Мақала толығымен...


Сүйсінем болмысына елбасының... Печать

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады...

Қазыбек би

Нұрсұлтан аға құнарлы то­пырақтан нәр алып, көктеген жан. Оның шыққан ортасы нағыз қазақ жерінің жусан иісі аңқыған, таумен қоршалып, сумен бел­деуленген, шұрайлы, жазиралы кең байтақ Жетісудың сұлу өлке­сінің бірі, тамыры терең, өмірі өлең ырысты ел қонған, құт-бе­реке дарыған Шамалған бекетінің қасиетті топырағынан өсіп-өніп, қияға ұшқан азамат. Құс қанатын талдырып, тұлпардың тұяғын тоздырған байтақ даланың баласы ақындар мен батырлар елінен тәлім-тәрбие, өнеге алып өсті.

Мақала толығымен...

Шеткі қала Печать

07.01.10.
Тарихтан жақсы таныс Артур порты орналасқан Далянь қаласы Қытайдың экономикасы секілді жедел қарқынмен өсіп келеді
Даляньдағы 7 млн тұрғын өз қаласын Қытайдағы ең шағын шаhарлардың бірі деп есептейді екен. Ал біз үшін ол үлкен мегаполис екендігінде дау жоқ. Осыдан үш жыл бұрын «ПетроҚазақстан» мұнай компаниясы медиа-тур ұйымдастырып, Сары теңіздің жағасында орналасқан осы қалаға сапарлап келіп қайтқан болатынбыз. Үш жыл дегеніңіз, былай қарағанда, ұзақ уақыт емес, әйтсе де осы мерзім ішінде Даляньның адам танымастай өзгергеніне таңданысымызды жасыра алмадық. Аспанмен таласқан биік ғимараттарда шек жоқ. Қаланың тазалығы мен бірнеше деңгейлі жолдары назарды бірден өзіне аударады. Тегінде, мемлекеттің қуатын оның жолдарына қарап танисың деп бекер айтпаса керек. Жеті миллион халық тұратын қаланың көшелері бірнеше қабаттан тұратын жол айрықтарының арқасында кептелістен құтылғаны байқалады. Қытай экономикасының көз ілеспес жылдамдықпен өсіп отырғанын біз келіп кеткен арадағы үш жыл айқындап-ақ тұр.

Мақала толығымен...

Бұл – жол емес, бір ғажайып ертегі болады! Печать

01.07.10.
Көлік және коммуникация министрі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізіне осындай баға берді

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының құрылысы үш жылдың ішінде аяқталып, 2012 жылы жолдың үстімен көлік қозғалысы басталады. Ал мемлекеттік комиссия мен жол бойын безендіру жұмыстары 2013 жылы жасалады. Жолдың бойына ағаштар отырғызамыз, мұндай жол жайқалған жасыл желектің ортасымен өтуі тиіс. Бұл - жол емес, бір ғажайып ертегі болады!» деді құрлықаралық көлік дәлізінің Қазақстан аумағындағы құрылысымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған баспасөз шеруі барысында журналистерге сұхбат берген Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.

Мақала толығымен...

«Қазақстан – 2030» ақиқаты Печать

01.07.10.

Елбасымыздың басшылы­ғы­мен еліміздің және шет елдердің таң­даулы экономист-ғалымда­ры­нан құ­рылған білікті жұмысшы тобы жа­сап шығарған егеменді Қазақ­стан Республикасының 2030 жылға дейінгі дамуының стра­тегиялық бағдарламасы жа­рия­ланған сәтте өміріміздің қан­дай деңгейде бол­ғаны ұмытыла бастағанымен, еске түсіргенге жағдайсыз тұрмысты көз алдыңа әкеледі. Сондықтан да болса ке­рек, осынау ауқымды бағдарла­ма­ның нәтижесіне үмітпен қарай­тындар кезінде аз болғаны да сыр емес. Оның үстіне өміршең бағ­дарламаның насихаттық жағы да әлсіз болды. Десек те көрегендік идеяның бел баласындай дамуы­мыздың осынау бас жоспары жемісті болды дейтіндерді қазір алыстан іздемейсіз. Өйткені бағ­дар­ламаның жемісі қазақ­стан­дықтардың 94 пайызының нақты тұрмысынан көрініс тапқан. Бұл арада біз 6 пайызды құрайтын жұ­мыссыздарды бұл есептен алып тастап отырғанымызды есте сақ­тау керек. Ал халқының 94 пайы­зы қанағаттанарлық деңгейде өмір сүруші мемлекеттің бола­шағы се­німді деген тұжырым эко­номика­лық ғылымның нақты­ла­масында жазылған. Ендеше, біз ертеңімізге сенімді халықтың то­бына жатамыз.

Мақала толығымен...

<< [Басы] < [Алдыңғы] 1 2 3 [Келесі] > [Соңы] >>

Нәтиже 1 - 9 из 24


Тіркелу!
Паролді қалпына келтіру!
Информационный сервер xFRK

 Авг   Ð¡ÐµÐ½ÑÑбÑÑ 2010   Окт

ÐÐÐÐÐÐÐ
   1  2  3  4
  5  6  7  8  91011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
SVTechie High Level Synthesis
Бизнес-инфо: