|
Ванкуверге баратындар белгілі болды |
|
05.02.10. Канаданың Ванкувер қаласында өтетін ХХІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қандай құрамада өнер көрсететіні белгілі болды. Жолдамалар жекелеген спортшылар емес, командаға берілгендіктен, таңдау жасау бапкерлердің үлесіне тиді. Олар өз кезегінде елішілік жарыстарда оза шапқан немесе және халықаралық аренада көңіл көншітерлік нәтижеге иек артқан саңлақтарға сенім артты. Сонымен, Ванкуверде қазақ елінің намысын 37 спортшы қорғайтын болды. |
Мақала толығымен...
|
|
|
Үздік ұжымға «Құрлық кубогы» табысталады |
|
05.02.10. Ресейдің ашық біріншілігі саналатын Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «плей-офф» бәсекелеріне жолдама алып үлгерген он бір команда анықталып қойды. Чемпионаттың екінші кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік беретін қалған бос жеті орынға қазір қызу талас жүруде. Бәсекенің бел ортасында астаналық «Барыс» та бар. Оның «плей-оффқа» жол алар мүмкіндігі басым. |
Мақала толығымен...
|
|
|
Тәртіптік кеңес шенеуніктердің шаңын қақты |
|
05.02.10. Облыстық тәртіптік кеңеске шағымданған кәсіпкер, «Іле санаторийі» ЖШС директоры Г.Сүлейменова өзінің шипажайы орналасқан Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы 52,705 гектар жер телімін бағалап беру туралы өтініштерімен Қапшағай қалалық әкімдігінің және «Алматы облыстық жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің табалдырығын бір жарым жыл тоздырғанын және осы уақыт аралығында 15 өтініш жазғанын айтты. |
Мақала толығымен...
|
|
|
СУДЬЯ 9 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ |
|
05.02.10. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал аудандық №2 сотының судьясы С.Әбдірахмановты 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық сотының үкімі күшіне енді. Мақтааралдық судья «ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс» болып тұрған кезінде азаматша Р.Ерекеевадан 180 мың теңге пара алу кезінде Қаржы полициясының жедел тобына ұсталып қалған-тұғын. |
Мақала толығымен...
|
|
|
Үш елді мекен көшіріледі |
|
05.02.10. Облыстағы мұнайдың қара шаңырағы - Мақат ауданына қарасты елді мекендерді көшіру мәселесі соңғы жылдары жиі айтылып келеді. Алайда ең көп отбасы көшіп кеткен елді мекендердегі азғана қалған мұнайшылар отбасыларын қалаға, не өздері қалаған аудан көлеміне көшіру жөнінде мәселе көтерген жергілікті әкімдікке мұнай компаниясы бұған дейін тұшымды жауабын айта алмай келген еді. |
Мақала толығымен...
|
|
|
|
<< [Басы] < [Алдыңғы] 1 2 3 [Келесі] > [Соңы] >>
|
| Нәтиже 1 - 9 из 21 |