09.09.10. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 томдық таңдамалы сөздерінің жинағы оқырманға жол тартты Осы орайда кеше ел Президенті кеңсесінің бастығы, 20 жылдан астам уақыт бойы Елбасының қасында жүрген үзеңгілесі Махмұт Қасымбеков жетекші қоғамдық саяси басылымдар үшін арнайы брифинг өткізді. Жинаққа Ұлт көшбасшысының жиырма жыл (1989-2009 жылдар кезеңі) бойындағы тұғырнамалық және бағдарламалық сипаттағы ең елеулі деген сөздері мен баяндамалары кіріпті.
09.09.10. Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар! Әр күнін ораза ұстап, сансыз құлшылық жасап, дұға-тілекпен өткізген қасиетті Рамазан айымен де қимай-қимай қоштастық. Алла тағаланың рақымы мен мейіріміне, кешірімі мен шарапатына толы бұл айды әлі талай еске алатынымыз хақ. Десек те, қасиетті айды іле-шала Айт мерекесі де жетіп, дүние мен ақыреттің ғажап құндылықтарын сездіріп, жүрегімізді ерекше рақат сезіміне бөледі. Бұл мереке бір айлық оразадан кейінгі жалпы халықтық ауызашар іспетті. Өйткені дінімізде бұл айт «әл-ъидул-фитр», яғни «ауызашар айты» деп аталынады.
09.09.10. VII қысқы Азия ойындарының бас демеушісі атанған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры байрақты бәсекеге осындай қаржы бөлетін болды. Жағымды жаңалықты Туризм және спорт министрлігінде өткен басқосуда «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-тың президенті А. Құлназаров пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың басқарушы директоры-басқарма мүшесі Қ.Әйтекенов қағазбен қаттап, мөрмен бекітіп үлгерді.
«Еуропаға жол» ЕҚЫҰ офистерін Шығысқа қарай жылжыту керек...
09.09.10. Үш айдан кейін он бір жылдан бері жиналмаған 56 ел басшылары ЕҚЫҰ-ның Астана саммитіне келмек. Қазақстандық сарапшылар қазірдің өзінде саммит ұйымдастырушылар назарына тосын бастамаларын ұсынуда. Олардың бірі ЕҚЫҰ атауын өзгертіп, оған А әрпін қосатын уақыт жетті десе, келесі сарапшы халықаралық ұйымның Астанада жаңа институтын ашуды қажет санайды.
Ұлттық идеология: біздің басымызды НЕ БІРІКТІРЕДІ?
09.09.10. Газетіміздің өткен сандарында «Біз Көк тулы мемлекетпіз бе, әлде көп тулы мемлекетпіз бе?» («Айқын», 7.09.2010, №163 (1587)) атты мақала жарияланған еді. Әңгіме өзегіне айналған жайт - кейбір ұлт өкілдерінің Қазақстан Республикасының ресми туын құрметтеудің орнына ата-жұртының ту нышандарын автокөліктеріне іліп жүруге әуестігі еді.
09.09.10. Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен Казнетті дамыту жөніндегі кезекті кеңеске «Казконтент» және «Қазақстан Интернет Ассоциациясының» өкілдері қатысып, еліміздегі пирингтік қатынастарды, яғни тең дәрежелі жүйелерді байланыстыру мен электрондық коммерцияны дамытудың жай-жапсарын саралады.
09.09.10. Осыдан 8 жыл бұрын Қазақстанда құрылған тұңғыш спутниктік «Caspionet» телеарнасы биылғы маусымда шетелдегі көрермендерін жағымды жаңалықтармен қуантпақ. Аталмыш арна 6-қыркүйектен бастап, тың жобаларын эфирге шығара бастады. Біз соны бағдарламалардың бағыт-бағдарын білу үшін «Caspionet» телеарнасы қазақ бөлімінің шеф- редакторы Гүлжайнар Сүлейменованы әңгімеге тартқан едік.
09.09.10. Қазақстан - аграрлық әлеуеті күшті елдердің бірі. Сондықтан ол кезінде КСРО державасының «асыраушысы» болды. Мәскеу мен Ленинград тұрғындары Ресей Федерациясының емес, Қазақстан астығының нанын жейтін, Қазақстанның етін жейтін. Өйткені бұлар тұтастай алғанда КСРО державасындағы биологиялық табиғи құндылығы жоғары өнімдер саналатын. Бір назар аударатын тұс - Қазақстанның сол табиғи әлеуеті өзгеріске ұшыраған жоқ.
09.09.10. Кінәсына қарай біреуге үкім кесу оңай шаруа емес. Жасалған қылмыстың салмағын таразылау жауапкершілігі өте үлкен. Өйткені оның ар жағында адамның тағдыры тұрады. Ал өмір мен өлім мәселесі алға шыққан тұста үкім шығарудың тіптен қиын екені даусыз. Үкімнің де түр-түрі бар. Мемлекеттің заңымен бекітілген, құзырлы орындар белгілейтін ресми айып бар да, халықтың (кейде тобырдың) өз бетінше қабылдайтын үкімі тағы кездеседі.
09.09.10. Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына орай, «Екі езу» эстрадалық миниатюра театрының қолға алуымен 2-3 қыркүйек күндері «Айтқыштар - Ақтөбеде» атты тұңғыш республикалық әзіл-сықақ байқауы өтті.
09.09.10. Адам бойының ұзынды, қысқалығы сол адам үшін үлкен «рөл» ойнайтыны белгілі. Жалпы, ортада «бәкене бойлы, жерге жақын адамнан қорық» деген қалыптасқан сөз бар. Ғылым да оны жоққа шығармайды. Шынтуайтына келгенде, ғылым, аласа бойлы адамдарды екіге бөліп қарайды. Мәселен, біріншісі - тапал бойлы келген адам көбіне қағылез, тез қимылдайтын, энергиясы мол, өте еңбекқор, шағын бойлы болғанмен шақар келетінін көрсетеді.
350.kz қозғалысының мүшелері Елбасын Ақордада күн батареяларын орнатуға шақырады
09.09.10.
Жер бетіндегі мұздақтардың еруіне не себеп? Неге Пәкстан су астында қалса, Ресей отқа оранды? Неге жер бетінде табиғи зілзалалардың қатары жылдан-жылға көбейіп барады? Әлемдік 350.org қозғалысының Қазақстанда ашылған өкілдігінің айтуынша, табиғи апаттардың көбеюіне - ауадағы көмір қышқыл газы үлесінің артып кетуі себеп. Егер қалыпты жағдайда ауаның миллион молекуласына көмір қышқыл газының 350 мың бөлшегі келуі керек болса, қазір оның саны 390 мың бөлшекке дейін артып кеткен. Осының кесірінен жаһандық жылыну процесі жүріп жатыр. «СО2-нің мөлшерін қажетті деңгейге дейін түсіргенде ғана Жер - Ананы болашақ ұрпақ үшін сақтап қаламыз» дейді қозғалыс мүшелері.
09.09.10. Әдетте адамдар алдынан ит жүгіріп өтсе, оны жақсылыққа, ал қара мысық жүгіріп өтсе немесе ит ұлыса, оны жамандыққа жориды. Үйдің шатырына байғыз қонып, сұңқылдаса, оны кісінің ажалына көрінді деп, қатты үрейге беріледі. Осылайша өз-өзінен қорқып, шарасыздыққа салынып, психологиялық күйзелістің әсерінен паронойя дертіне шалдығатындар аз емес. Осындай ырым-нанымдарға асыл дініміз - ислам діні қалай қарайды?